Қазақстан құрамасы велоспорттан Париж олимпиадасына лицензия жеңіп алды
Қазақстан құрамасы тректегі велоспорттан Париж олимпиадасының жолдамасына ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Тректегі велоспорттан Қазақстан командасы олимпиадалық жолдаманың иегері атанып отыр. ХОК қолданылмаған квоталарды қайта бөлу кезінде Қазақстанға тректегі велоспорттан бір жолдама бұйырды. Қазақстан жолдаманы кейіннен алғанымен, бұл спортшының спринтте де сынға түсуіне мүмкінідік береді. Жолдама жекелеген спортшыға емес, командаға беріледі.
Айта кетейік, бұған дейін көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Эльжана Таниева Парижде өтетін олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алғанын жазған едік. Ал Париж олимпиадасында тректегі велоспорт додасы 5 тамызда басталады.
Талқылау
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді
Отандасымыз жат жерде жүрсе де қазақ елінің дәстүрі мен құндылықтарын күнделікті өмірде сақтауға тырысып жүргенін жеткізді
“Сыйлықтар сыйлап, кемінде бір пәтер алғызатын адам”: Неліктен қазақстандық бойжеткендер тоқал болуға келіседі
Психолог: "Оны көбіне "махаббат" деп түсіндіріп ақталып жатады”

