Қазақстан құрамасы соккадан халықаралық турнирде жеңіске жетті
29 наурыз бен 2 сәуір аралығында Кишиневтегі (Молдова) жағажай футбол аренасының көгалында Socca EuroCup матчтары өтті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Финалда Қазақстан құрамасы 3:3 (буллиттер сериясы - 2: 1) есебімен Румыния құрамасын жеңді.
Бұған дейін турнирде Қазақстан құрамасы Хорватияны (3:2), Венгрияны (4:1), Францияны (2:1) жеңіп, хорваттармен (0:0) тең ойнады.
Сокка – ойыншылардың саны мен алаңның көлемімен ерекшеленетін шағын футболдың бір түрі. Матчтар алты ойыншыдан, 20 минуттан екі таймда өтеді.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр

