Қазақстан конькимен жүгіру спортынан Әлем кубогында медаль жеңіп алды
Калгариде конькимен жүгіру спортынан Әлем кубогының тағы бір кезеңі өтіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі SPORT+ сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: olympic.kz
Канадада өтіп жатқан жарыста қазақстандық спортшы қыздар әйелдер арасындағы эстафетада қола медаль жеңіп алды. Отандастарымыз Канада мен Польша құрамаларына жол берді.
Бұл жарыста Қазақстан құрамасы сапында Кристина Силаева, Дарья Важенина және Надежда Морозова өнер көрсетті.
Айта кетейік, 24 қаңтарда конькимен жүгіруден Әлем кубогінің үшінші кезеңі Канаданың Калгари қаласында басталды.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған

