Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Қытайға газ жеткізу мөлшерін арттырады

Қазақстан Қытайға газ жеткізу мөлшерін арттыратын болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Еліміз Қытайға газ экспорттауда Түрікменстан мен Ресейден кейін үшінші орында тұр. Мұндай ақпарат Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасының порталында жарияланған. Оны энергетика министрлігі де ашық ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып растады. 

Мамандар келісім бойынша биылғы жылы экспорт алты миллиард текше метрге жететінін айтты. Соңғы үш жылда еліміз Қытай нарығына газ жеткізу көлемін бес есеге арттырған. Баға мен экспорттан түсетін кіріс туралы ақпаратты департамент коммерциялық құпияға балап жария етпеген. Олар тек құнның арнайы формуламен анықталатынын ғана түсіндірген.



Бұл ретте "Нефтегаз.ру" порталы Қазақстан Қытайға 700 миллион доллардан асатын көлем жеткізгенін жазған. Осы жылы аспан асты елі қыста тапшылықтың алдын алу үшін құбыр арқылы газ импортын үш есеге ұлғайтты. Қытайға жол тартқан мың текше метр 227 доллар тұрады. Салыстыру үшін: бүгінде Еуропада жанармай бағасы мың доллардан асып кеткен.

Талқылау