Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан кедей елдерді дәнді дақылсыз қалдырмайды – Тоқаев БҰҰ отырысында

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас ассамблеясының 77-сессиясының жалпы дебаттына қатысуда. Отырыс барысында азық-түлік пен тыңайтқыштарды санкциялар мен шектеулерден алып тастау керек деп мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

токаев

Ел басшысы әлемдік қауымдастықта “астықтың сенімді жеткізушісі” бола беретінін түсіндірді. Әсіресе кедей елдерді астық пен азық-түліксіз қалдырмайтынын атап кетті.

Тоқаев Қазақстан астық өндіруден әлемде жетінші мемлекет екенін еске салды.

"Әлемдік азық-түлік жетіспеушілігімен күресу үшін көмектесуге дайынбыз. Қазақстан алдағы уақытта да астық пен басқа да негізгі азық-түлік өнімдерін жеткізуші қызметі абыроймен атқарады. Әсіресе кедей елдерге жеткізуден тайынбайды", – деді президент.



Ол сондай-ақ Қазақстан инклюзивтілік, көпжақтылық және ізгі ниет қағидаттарын басшылыққа ала отырып, бәрімен ынтымақтасуға дайын екенін көрсетті.

"Қазіргі қиындықтарды елдер бірлесіп әрекет еткенде ғана жеңуге болады.Біз жаһандық сын-қатерлер мен дағдарыстарға жай ғана қарап қоймай, жаңа тенденциялардың алдын алуға және оларды болжауға, сондай-ақ стратегиялық жоспармен мәселені шешуге ұмтылуымыз керек", - деп қосты Қазақстан басшысы.

Естеріңізге салсақ, осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың сейсенбі күні Нью-Йоркке сапарға аттанғаны жарияланған еді. Ол БҰҰ штаб-пәтеріндегі Бас Ассамблеяның жыл сайынғы жаңа сессиясын ашатын шараға дәстүрлі түрде президенттер, премьер-министрлер мен министрлер қатысатын жиынына қатысты.

Талқылау