Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақстан да, Қытай да емін таба алмай жатыр": Жахан Отарғалиевтің денсаулығы сыр берді

Танымал әзілкеш, актер, кәсіпкер Жахан Отарғалиевтің денсаулығы сыр беріп, Түркия еліне аттанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі жақында Қытайдан оралған болатын.

“Жанашыр достар! Осы сөзді сіздерге жиі айтамын. Себебі тек сіздердің ғана маған жандарыңыз ашитынын түсіндім. Осы күнге дейін сіздерден ештеңе жасырмадым. Барлық эмоция мен контентімде шынайы болдым. Әрі қарай да шынайы қалпымда қалғым келеді. Мен үшін өмірде ерекше орын алатын нәрсе – достық. Достарым үшін бәріне дайынмын. Бірақ көптен бері досым деп сыйласып жүрген адамдар қоңырау соғып, қал-жағдай сұрауға жарамай жатыр. Негізі достықтың адалын тексеру үшін өмірде құлап, сүріну керек екен. Сол кезде саған шынымен жаны ашитын адамдар ғана келеді екен. Достарымның арқасында үй салып тастадым. Пандемия кезінде ақша болмаса да, достарымның қолдауымен баспанама қол жеткіздім. Сол үшін мың алғыс”, – деп жазды актер. 

Алайда соңғы кезде әзілкештің денсаулығы сыр беріп, түсініксіз дерт айналшықтап жүрген көрінеді. 

“Көптен бері денсаулықпен сыналып жүрмін. Соңғы айда тағы денсаулықпен проблемалар басталды. Қазақстан да Қытай да емін таба алмай жатыр. Біреулер үшін оңай көрінгенімен, менің мазамды алып жіберді. Барынша көрсетпей жүруге тырыстым. Бірақ ауру меңдеп барады. Қолдарым ісіп кеткендіктен қасық ұстай алмайтындай болып отырмын. Не үшін, қалай пайда болғанын түсіне алмай әлекпін. Осыған байланысты жұмыстарымды тоқтатып, Стамбұл қаласына жол жүріп барамын. Ауырмаңыздар”, – дейді әзілкеш.  

Талқылау