Қазақстан Азия ойындарында тоғызыншы алтынға ие болды
60 келіде ел намысын қорғаған каратеші Қайсар Алпысбай ел қоржынына тоғызыншы алтын жүлдені салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Финалда Алпысбай Азияның екі дүркін чемпионы кувейттік Абдулла Шаабанмен бақ сынасты. Жекпе-жек тартысты өтті. Жеңіс отандасымыздың қоржынына соңғы секундтарда түскен. Нәтижесінде қазақстандық 7:5 есебімен жеңіске жетіп, алтын медаль алды.
Өз кезегінде 27 жастағы қазақстандық 2023 жылғы Азия чемпионатының (Малайзия) алтын жүлдегері. Қайсар бұл спорт түрімен жеті жасында Шымкентте айналыса бастаған.
"Мен Джеки Чанның фильмін көргеннен кейін каратэмен айналысуды шештім", – деп келтіреді спортшының сөзін Азия ойындарының ресми сайты.
Енді Қазақстан қоржынында 66 медаль бар.
Қазақстанда 2026 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар қалай өзгереді?
Ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге мөлшерінде болады
Қолданыста жүргеніне 50 жылдан асқан: Астанадан ұшқан қазақстандық ұшақтағы түсқағазды көріп жағасын ұстады (видео)
Желі қолданушысы: "Қатты дыбыстан құлақ бітіп қалды, ұшақ қирап қалатындай көрінді"