Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан аумағында бірыңғай сағат белдеуін енгізу ұсынылды

“Аманат" партиясы фракциясының мүшесі Еркін Әбіл Қазақстан аумағында бірыңғай сағат белдеуін енгізу туралы ұсыныс айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Бұл туралы депутат премьер-министр Әлихан Смайыловқа сауал жолдады. Еркін Әбіл сағат белдеуінің сәйкессіздігі халықтың денсаулығына кері әсер ететінін алға тартты.

“2019 жылдан бастап Қостанай облысының тұрғындары үкіметке және депутаттарға ресми сағат белдеуі мен табиғи сағат белдеуінің сәйкес келмеуі мәселесін шешіп беруімізді сұрап бірнеше рет жүгінген. Уақыт айырмашылығы екі сағатты құрап отыр. Сонымен қатар, мамандар уақыт сәйкессіздігінің адам үшін  аса қауіпті аурулардың пайда болуына әсер ететінін алға тартқан болатын. 2022 жылдың қазан айында қабылданған уақыт белдеуі бойынша Барселона деклорациясы деген құжат бар. Бұл құжат ғылыми тұрғыдан адамнның денсаулғы мен қауіпсіздігі үшін күн сәулесіне жақын бірыңғай уақыт белдеуінің болуы қажет”, – дейді Еркін Әбіл.

Ол бұл мәселе бүкіл Қазақстан бойынша өзекті екенін айтты.

"Бұл мәселе тек Қостанай олысында емес, еліміздің барлық аймағында бар. Қазіргі таңда 13 облыста уақыт айырмашылығы бір сағат және 3 облыста бір жарым сағатқа дейін байқалып отыр. Фисенков атындағы астрофизикалық институт Қазақстан республикасының бүкіл аумағы бойынша бір сағат белдеуін енгізуді ұсынды. Арнайы комиссия құрылған болатын. Қазір денсаулық сақтау министрлігінің де мақұлдауы бар, барлығы келісім берген. Бірақ ведомства жұмысы созылып кетті. Жұмысты тездетуді және біріңғай сағат белдеуін енгізуді сұраймыз”, – дейді депутат.

Талқылау