Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан әскері бітімгерлік мақсатта кеткен Голан жоталарына жетті

Қарулы күштер бітімгерлері Фауар бітімгершілік базасына жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, бітімгерлер Сирия астанасы Дамаскіге ұшып, кейін көлікпен Голан жотасына жеткен.

Қазақстан жасағында 139 әскери қызметкер бар. Сондай-ақ базаға "атысты тоқтату бойынша тапсырмаларды орындауға арналған" әскери техника жеткізілді.

16 наурызда ұлттық контингенттің жеке құрамын орналастыру басталады.

"Барлығы жоспар бойынша жүріп жатыр. Жексенбі күні бітімгершілік күштердің алдында тұрған міндеттер бойынша жеке құраммен оқу-жаттығу жиынын өткіземіз, ал дүйсенбіде олардың практикалық оқуын бастаймыз", – деді Қазақстан бітімгершілік контингентінің командирі, подполковник Жігер Айыпов.

Қорғаныс министрлігі мұндай бітімгершілік миссияларға қатысу әскерилердің жауынгерлік дағдыларын арттырады деп есептейді.

"Бітімгершілік миссияларға қатысу – әскери қызметкерлердің жауынгерлік шеберлігін арттыруға көмектесетін оқудың маңызды құрамдас бөлігі. Бұл миссияның ерекшелігі – тәуелсіздік. Бұған дейін біздің бітімгершілік контингент басқа елдердің бөлімшелерінің құрамында қызмет еткен", – деді қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Бөлім жауапты аймақтарда патрульдеу, бақылау-өткізу пункттерін ұйымдастыру, бітімгершілік базасын күзету және бітімгершілік келісімдердің орындалуын қамтамасыз ету үшін қажетті броньды доңғалақты машиналармен, камаздармен, шағын автобустармен және жол талғамайтын көліктермен жабдықталған.

Голан жотасы – Таяу Шығыстағы ұрыс өтіп жатқан, территориясы айқындалмаған жер. Оның басым бөлігін қазір Израиль басып алса, шығыс бөлігін Сирия бақылайды. Израиль де-факто бақылайтын аумақтарды 1981 жылы аннексиялады, бұл аннексияны халықаралық қауымдастықтың көпшілігі мойындамады.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан бітімгерлері Голан жоталарына кеткені айтылды.

Талқылау