Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қазақстан аруы” Айнұр Төлеуова екінші сәбиін дүниеге әкелді

Осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстанның ең сұлу аруы атанған Айнұр Төлеуованың отбасында қуанышты хабар! “Қазақстан аруы-2011” байқауының жеңімпазы екінші сәбиін дүниеге әкелді, деп хабарлайды Stan.kz.

“Қазақстан аруы” байқауының желідегі ресми парақшасында хабарланды.

“Ал бізде қуанышты хабар. Біздің Айнұр Төлеуова, “Қазақстан аруы 2011″ екінші рет ана атанды. Шын жүректен құттықтаймыз”, – деп жазылған парақшада.

Айнұрдың өмірлік серігі Мұхаммед бұл күні жарының жанынан табылған. Бұл туралы Төлеуованың өзі инста-парақшасында айтып берді.

“Баршаларыңызға құттықтауларыңыз үшін көп рақмет! Сүйіктім, осындай қиын күні жанымда болғаныңа рақмет”, – деп бөлісті ол.

Айта кетейік, Айнұр Төлеуованың 1 жастан асқан ұлы бар.

Жіберіп алмаңыз:

Мақсат Мұхитденов қызын сынағандарға тағы да жауап берді

Алматылықтар Данэлия Төлешованы сыйлықтың “астында” қалдырды (фото)

Қазақ әнін шырқаған әйгілі Шахзода тыңдармандарды сүйсіндірді (видео)

Ерлан Біләлді қорғаштаған актриса ел алдында жылап тұрып өлең оқыды

Талқылау