Қазақстандықтар әскери қызметке жарамдылық дәрежесі туралы анықтаманы онлайн ала алады

“Smart военкомат” жобасы аясында Қорғаныс министрлігі e-Gov порталында жаңа функцияны іске қосты. Енді қазақстандықтар әскери қызметке қатысты мәліметтерді жедел, онлайн ала алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Қолданушының “Жеке кабинетінде әскери есепте тұруы, қызмет өткеру кезеңдері, сондай-ақ әлеуметтік төлемдерге құқығы туралы деректер бар. Ал ең көп сұралатын дерек – әскери қызметке жарамдылық дәрежесі туралы анықтама”, – деп мәлімдеді Қорғаныс министрлігі.
Анықтамаларды алу үшін e-Gov порталындағы “Жеке кабинетке” кіріп, “Әскери қызмет” бөлімінде “Жүктеу” батырмасын басу керек.
- Қорғаныс вице-министрі Қазақстанда әскерге бармай, әскери билет алудың заңды жолы туралы айтты
- Қазақстанда әскерге шақырылушылар енді әскери бөлімді таңдай алады
Алдағы уақытта бұл деректер m-Gov мобильді қосымшасы арқылы, сондай-ақ екінші деңгейлі банктерде де қолжетімді болады деп жоспарланып отыр. Бұл жаңашылдық:
- Оқу орындарына түсу;
- Әскер қатарына шақырылу;
- Құқық қорғау немесе арнайы органдарға қызметке орналасу кезінде құжаттарды жинау үдерісін жеделдетеді.
Бұған дейін кімдердің әскери қызметтен босатылатыны туралы жазған едік.
"Еркектен сезіне алмаған қамқорлықты сезіндім": Қазақстандық әйелдер бостондық некеде қалай өмір сүріп жатыр
Алайда кейіпкеріміздің сөзінше, бостондық неке жақсы жағынан гөрі жаман тұсымен ерекше есінде қалған
“Қазақша сөйлейтін Диана ханшайым”: Желіде Англияда жүріп қазақ тілінде сөйлеген ару көпті тәнті етті
Лариса: “Ағылшын тілі деңгейім қазақ тіліне қарағанда төменірек”