Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан 2025 жылы ғарышқа өз зымыранын ұшырмақ

Қазақстан 2025 жылы ғарышқа өз зымыранын ұшырмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.

"Зымыран тасығыштың материалдары мен бөлшектерін әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Зымыранның қоспа отынының прототипі жасалды. Метеорологиялық зымыранды ұшыру 2025 жылға, ал аса жеңіл зымыранды сынақтан өткізу мерзімі 2030 жылға жоспарланған", — деді Жаслан Мәдиев.

Министрдің айтуынша, коммерциялық ұшырулар 2028 жылдан басталады деп жоспарланған. Ал 2027 жылы ұшыру жоспарланған Жерді қашықтықтан зондтау үшін үш спутник жасауға келісім-шарт жасалғанын атап өтті. Сонымен қатар спутникті өндіру бойынша Моңғолиямен экспорттық келісімшарт жасалған.

"Спутниктік байланыс желілері мен телехабар таратудың үздіксіз қызметін қамтамасыз ету үшін 2029 жылға қарай KazSat-3 байланыс спутнигін ауыстыру жоспарлануда. Қазір жоба бойынша жобаға дейінгі жұмыстар жүргізілуде, 2025 жылға дейін спутникті жасау туралы келісімшартқа қол қою жоспарлануда", – деді министр.

Талқылау