Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ тіліндегі ауызекі сөздердің дұрыс қолданылуы

Қазақ тілінде кейбір сөздердің варианттары кездеседі. Сондай уақытта шатасып қаламыз. Ендеше бүгінгі материалымызда сұрақ-жауап түрінде он сөздің вариантын ұсынамыз.

1.    «Ағыл-тегіл» ме, «егіл-тегіл» ме?

Тілде екі вариант та жарыспалы нұсқа ретінде қолданылады. Бірақ көп жағдайда «ағыл-тегіл»  дегенді қолданамыз.

2.    «Қолғап» па, «қолбақ» па?

Дұрысы – «қолғап». Ал «қолбақ» фонетикалық өзгеріске ұшыраған вариант.

3.    «Әкелерім» бе, «әкемдер» ме?

Дұрысы – «әкелерім». Ал «әкемдер» сөзіне жалғаулар реттілігі дұрыс жалғанбаған.

4.    «Ақымақ» па, «ахмақ» па?

Дұрысы – «ақымақ». 

5.    «Елу жастамын» дұрыс па? «Елудемін» дұрыс па?

Екі нұсқа да қате емес.

6.    «Меніңше» ме, «менімше» ме?

Дұрысы – «меніңше».

7.    «Сөйлеймін» бе, «сөйлейм» бе?

Тілде үнемдеу құбылыстары кездесіп отырады. Үнемдеудің әсерінен кейде айтылымда «сөйлейм» деп қолдануымыз мүмкін. Бірақ жазғанда міндетті түрде «сөйлеймін» нұсқасы дұрыс.

8.    «Әдейі» ме, «әдей» ме?

Дұрысы – «әдейі». 

9.    «Ақылды» ма, «ақылман» ба?

Дұрысы - «ақылды». «Ақылман» сөзі де кейбір деректерде кездеседі.

10.     «Әппақ» па, «аппақ» па?

Әдеби норма бойынша, «аппақ». 


Фонетика деген не?

Дайындаған: Аққибат АҚЖІГІТОВА

Талқылау