Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ тілін ұмытып қалған Экономика министрі берген уәдесінде тұрды ма?

Өткен жылдың желтоқсан айында Ұлттық экономика министрі болып тағайындалған Тимур Сүлейменов Мәскеуде қызмет еткен жылдары ана тілін ұмытыңқырап қалғанын айтып, жарты жылда қазақ тілін қайта меңгеріп алуға уәде берген болатын.

1598705

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

“Мәскеуде бес жыл қызмет еттiм, туған тiлiмдi ұмытып қалыппын. Бiрақ алты айдың iшiнде меңгерiп аламын”, — деп қаңтар айында уәде берген еді жаңа тағайындалған министр.

Осыдан кейін журналистер жарты жыл бойы министрді қазақ тіліндегі сұраққа қазақша жауап беріңіз деп мазалаған жоқ. Бүгін үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдері Сүлейменовке уақыттың өткенін айтып, берген уәдесін еске салды.

“Біз сізді алты ай мазалаған жоқпыз, алты ай күттік. Қазақ тілінде жауап беремін деп айттыңыз. Біз тұрдық уәдемізде, сіз де тұрасыз деп ойлаймыз. Бүгінгі ұсынып отырған кеден кодексінің бұрынғы кодекстен ерекшелігін, басты жаңалығын айтыңызшы. Сондай-ақ бұл кодексте бизнеске қандай жеңілдік жасалып отыр?”, — деп сұрады журналистердің бірі.

Ал министр: “Жалпы, бұл кеден кодексінің ең маңызды новелласы, идеологиясы — ол автоматтандыру. Сондықтан бизнес қағаздар, кедендік декларация толтырудан босатылады. Барлығы электрондық түрде толтырылатын болады. Бұл ең маңызды, ең жағымды бизнеске новелласы бұл кодекстің”, — деп қысқа қайырды.

Бұл сауалға дейін тағы бір журналист салық кодексіне қатысты сұрақ қойып, қазақша жауап беруді өтінген еді. Бірақ министр күрделі сұрақ болғандықтан “орысша айтып берейінші” деп ресми тілде егжей-тегжей түсіндіріп берді.

Біздің түйгеніміз, министр қазақ тілін әлі жетік білмейді, күрделі сұрақтарға келгенде тұшымды жауап беруге қиналады. Жарты жыл аздық еткен тәрізді. Мүмкін бір жыл керек шығар. Бірақ Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышевқа бір жыл да аз болды. Әлі күнге дейін қазақшаға тілі сынбай жүр…

Тағы да оқыңыз:

Қостанайда қоқыс арасынан мәйіті табылған нәрестенің анасы әлі табылған жоқ

Өзге ағымдағы қазақ жігіті жарылыс жасап шаһит болу арманы екенін айтты (видео)

Қарағандыда балаларды жүксалғышқа салып алып тасыған жүргізуші жазаланбақ (видео)

Талқылау