Қазақ-қытай шекарасын кесіп өткен қандастарымызға "пана іздеуші тұлға" куәлігі беріледі
Қазақ-қытай шекарасын заңсыз кесіп өтіп, екі айға қамауға алынған этникалық қазақтар Мұрагер Әлімұлы мен Қастер Мұсаханға «Пана іздеуші тұлға» куәлігі берілетін болды. Бұл туралы қорғаушы Бауыржан Азанов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бауыржан Азановтың сөзінше, Шығыс Қазақстан облыстық көші-қон полициясы басқармасы шекараны заңсыз кесіп өттік деген Мұрагер Әлімұлы мен Қастер Мұсаханға «Пана іздеуші тұлға» мәртебесін беру туралы шешім шығарыпты. Өз сөзінде ол мұндай куәліктің бүгін, 29 қазанда, берілуі тиіс екенін айтты.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өттік деген қытайлық азаматтар Мұрагер Әлімұлы мен Қастер Мұсаханға қатысты қылмыстық іс қозғалған еді. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторында отыр.
Баланы ерте жастан мектепке беру оның болашағына инвестиция ма, әлде балалықты ұрлау ма?
Психолог ең алдымен баланың физикалық дайындығын ескеру қажет екенін жеткізді
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті