Қазақ десантшы Украинадағы соғысқа қатысқаны үшін Ресей батыры атанды
Ресей президенті Владимир Путин Новоузенск қаласының тумасы Арслан Сұлтановты Украинаға қарсы соғыста көрсеткен "ерлігі мен батылдығы" үшін ең жоғары әскери орденмен марапаттады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Арслан Сұлтановтың ұлты – қазақ.
"Украинадағы соғыс қимылдарының алғашқы күндерінен бастап ол қызмет еткен бөлімше арнайы әскери операцияның ұрыс қимылдарына қатысты. Ерлігі мен батылдығы үшін ол Суворов және Жуков медальдарымен марапатталды", – деп хабарлады Новоузенск муниципалды округінің әкімшілігі.
Айта кетейік, 2023 жылдың тамыз айында жігіт Украинадағы соғыста ауыр жараланған. Осыдан кейін Арслан Мәскеудегі соғыс ардагерлеріне арналған госпитальда емделіп жатыр.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған