Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайтыс болған иесінің зиратынан кетпей, оны қазып алмақшы болған ит видеоға түсіп қалды

Қытайдың Шэньси провинциясының Вейнань қалалық округында өзінің қайтыс болған иесін көмілген жерінен қазып алмақшы болғанын марқұмның туыстары видеоға түсірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Марқұмның қызының айтуынша, Хуцзы есімді төбет 12 жыл бойы оның қайтыс болған әкесінің жанынан қалмай өмір сүріпті. Алайда біраз уақыт бұрын ер азамат айықпас дертке шалдығыпты көз жұмған. 

"Біз Хуцзыды өзімізбен жерлеу рәсіме алып баруды жөн көрдік. Ол әкемнің көмілген жеріне барып, тұрмай жатып алды, кейіннен тіпті жерді тырналап, оны қазып алмақшы болды. Ал үйге қайтар уақытта өл бізге көнбей, кетпей қойды", - деді марқұмның иесі. 

Сөзінше, әкесі қайтыс болғаннан кейін ит 3 күн бойы нәр татпай қойыпты. 

"Біз оны жасы келген соң тамақ іше алмай жүр деп ойладық, бірақ әкемді жерлеген соң ол қайтадан су ішіп, тамақ жей бастады. Хуцзы шынымен де біздің сезімімізді түсінеді", - деп қосты бойжеткен. 

Қазіргі таңда итті марқұмның туыстары өз қарауына алыпты. 

 

Иттер туралы таңғажайып мәлімет

Талқылау