Қайраттың келіншегі әншінің қажылықта түскен суретін сынағандарға жауап берді
Қайрат Нұртастың келіншегі Жұлдыз Абдукаримова желідегі парақшасын белсенді түрде жүргізіп жүр. Жуырда ол қасиетті Рамазан айының басталауына орай жан-жары Қайраттың қажылықта түскен суретін жүктеген еді. Оны көрген жұрт Жұлдызды “мақтаншақ” деп сөгіп, түрлі жағымсыз пікірлерін білдірді.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Көптің сөзі Жұлдыздың көңіліне қатты тиген ұқсайды. Ол желідегі парақшасы арқылы Қайраттың қажылықта түскен суретін сынағандарға жауап берді.
“Достар! Сіздерден мына бір сұраққа жауап алғым келеді… Əлеуметтік желіге еш мағынасы жоқ. Ашық-шашық, қазақ менталитетіне, қазақи тəрбиеге сай емес сурет салынса бəріңіз лайк басып, қызықтап, мəз боласыздар. Ал діни, имани сурет салынса, оны мақтаншақтық деп теріс түсініп, мені сөгетіндеріңіз қалай? Сонда біздің рухани, имани, діни сауатымыздың қай деңгейде екенін көрсетіп жатқан жоқпыз ба? Қайраттың қажылықта түскен суретін саламыз деп жазықты боп қалдық!” – дейді Жұлдыз Абдукаримова.
Бұдан өзге Жұлдыз желіге ұл-қыздарының суреттерін көптеп жариялап жүр. Алайда оқырмандар суреттердің ескі екенін айтып шағымдануда. Олар Қайраттың жарынан жаңа суреттер сұрап әлек болуда.
Жіберіп алмаңыз:
“BN” тобынан кететінін айтқан Болат Назарбаевтың қызын әріптестері ұрысып тастады (фото, видео)
Үнемі жалаңаштанып жүретін әнші атасының имам болғанын айтып таңғалдырды
Жеке шаштаразы Қайрат Нұртастың ел білмейтін құпиясын ашып қойды
Жұрт Баян Есентаева мен әкесінің ұқсастығына қайран қалды (фото)