Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаевтың немере інісінің ісі: Алматыдағы қонақ үй мемлекет меншігіне қайтарылады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қайрат Сатыбалдының түрмеде отырып Алматыдан қонақ үй сатып алу мәселесіне түсініктеме берді. Дерекке сүйенсек, оның мүлкі мемлекетке қайтарылып жатқан көрінеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қайрат Сатыбалды

Антикор сотталған Қайрат Сатыбалдының қылмыстық-атқару жүйесінің тиісті мекемесінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатқанын жазған. Әрі оған қатысты салықтарды төлемеуге және қылмыстық кірістерді заңдастыруға байланысты қылмыстардың басқа эпизодтары бойынша тергеу жалғасып жатқан көрінеді. 

“Жекелеген азаматтар БАҚ және әлеуметтік желілерде "Double Tree by Hilton Almaty" қонақ үйін Қ.Сатыбалдыұлымен қоса адамдар тобының иемдену әрекеттері туралы ақпарат жариялады. Тергеу барысында заңсыз шығарылған активтерді, сондай-ақ қылмыстық қаражатқа сатып алынған мүлікті қайтару бойынша шаралар қабылданады. Осыған байланысты Сатыбалдыұлына залалды өтеу мақсатында бизнес орталықтар, әкімшілік ғимараттар, коммерциялық үй-жайлар, үйлер, пәтерлер, аяқталмаған құрылыс объектілері, жер учаскелері, эксклюзивті зергерлік бұйымдар, люкс автомашиналар мен ақшалай қаражат мемлекетке беріледі”, - делінген ақпаратта. 

Сондай-ақ, дәл осы тізімде "Double Tree by Hilton Almaty" қонақ үйі де бары жазылған. Қазіргі уақытта осы объектіні мемлекет меншігіне қайтару аяқталуда.

Еске салайық, бұған дейін депутат Мақсат Толықбай Алматыдағы қонақ үйді Қайрат Сатыбалды түрмеде отырып сатып алғанын айтқан еді.

Талқылау