AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Сатыбалды мен Қайрат Боранбаевты тұтқында ұстау мерзімі ұзартылды

Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты Қайрат Сатыбалдыұлы мен Қайрат Боранбаевты қамау ұстау мерзімін ұзартты. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Нұр-Сұлтан қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу соты 12 мамыр күні күдікті Қайрат Сатыбалдыға қатысты тұтқында ұстау түрінде санкцияланған бұлтартпау іс-шарасының мерзімін тағы 1 ай мерзімге ұзартқан. 

"Тергеу әлі аяқталған жоқ. Кеше Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты Қайрат Сатыбалдыны қамау мерзімін 13 маусымға дейін ұзартты. Тергеу құпиясына байланысты басқа мәліметтер жарияланбайды", – деді Сарқұлов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сондай-ақ дәл осы тергеу соты күдікті Қайрат Боранбаевқа да қатысты тұтқында ұстау түрінде санкцияланған бұлтартпау іс-шарасының мерзімін тағы 1 ай мерзімге ұзартылғанын жария етті.

Айта кетері, 13 наурызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлының ұсталғаны туралы ақпарат таратты. Ол "Қазақтелеком" АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде жымқырды деп айыпталып отыр. Сондай-ақ мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Қайрат Сатыбалды Алматы облысының аумағында ұсталған. Ол Дубайға ұшып кетпек болды.

Қайрат Сатыбалдыұлы – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі.

Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі де қамауға алынған. Ол рейдерлік әрекеттер үшін айыпталып отыр.

Сондай-ақ қаржылық мониторинг агенттігі квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемде қаражат жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Күдікке ілінген Қайрат Боранбаев уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр