Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас отбасымен ломбада билеп, жаңа челлендж бастады (видео)

Қайрат Нұртас отбасылық челлендж бастады. Ол бала-шағасымен, жары Жұлдызбен бірге ломбада биледі. Бұл көрініс желідегі оқырмандарының көңілінен шықты.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Би - еркіндік белгісі. Би өмірді ұзартады, өмір сүруге деген құштарлықты арттырады және бидің қимыл-қозғалысы жүректі қажытпай, адамның көңілін көтеріңкі ұстауға септігін тигізеді. Сондықтан достар бізбен бірге билеңіздер. Осы отбасылық би #челленджін барлық оқырмандарыма жолдаймын. Айпақшы мені белгілеуді ұмытып кетпеңіздер😉. #бізүйдеміз #үйдебол #бізбіргеміз #оставайсядома

Публикация от Кайрат Нуртас (@kair_n)

Қайрат Нұртас отбасымен өзінің орындауындағы "Ломбада" әніне биледі. Челленджде кенже балаласы Ханның да әкесінен қалмай, билегенін көруге болады. 

"Би - еркіндік белгісі. Би өмірді ұзартады, өмір сүруге деген құштарлықты арттырады және бидің қимыл-қозғалысы жүректі қажытпай, адамның көңілін көтеріңкі ұстауға септігін тигізеді.
Сондықтан достар бізбен бірге билеңіздер.

Осы отбасылық би челленджін барлық оқырмандарыма жолдаймын.
Айпақшы мені белгілеуді ұмытып кетпеңіздер", - деп жазды Қайрат желіде. 

Осылайша әнші көпшілікті үйде болуға шақырды. Үйде отбасымен қалғанда уақытта осылай көңілді өткізуге кеңес береді. 

"Бала-шағаңмен қандай әдемі көрініс. Балалары мәз, әкесі қасында", "Биді қалай күшті билейсің, нағыз хореографсың", "Жұлдыз да, өзің де, балаларың да жақсы билейді, тамаша бастама", - деп жазады желідегілер.

Талқылау