Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас қамауда, анасы виллада, әйелі мен балалары Испанияда жүр

Ұшақта бейәдеп сөз айтып, күш көрсеткен Қайрат Нұртас қамауға алынған еді. Осы орайда әншінің жақындары қайда жүргенін көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/kair_n/

Айта кетейік, 5 шілдеде Астананың әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қайрат Нұртасқа қатысты істі онлайн режимде қарап, әншіні 15 тәулікке қамау туралы қаулы шығарған еді. Өнер иесінің анасы әрі продюсері Гүлзира Үсенқызы оқырмандарына алғыс айтты. 

“Шымқалаға келіп, басым сынып тұрғасын виллада отырып шай іштім. Балам Шымкенттің ауасын жұтып отырса, мен де сол ауаны жұтып отырмын. Ең бастысы аман, дені сау. Өзіме-өзім келіп, жақсы болдым. Күлме досқа, келер басқа деген сөзді ұмытпайық. Ертең кімді не күтіп тұрғанын білмейміз. Өсек айтқанша, бір-бірімізді қолдайық. Әбір анаға көтере алатын сынақты беріп тастаған. 32 тамырыңды жарып шыққан перзент болғасын тау қопаруға да дайынсың. Бірақ кейде әлсіздік жеңіп кетеді. Басыңды көтеріп, жығылмауың керек”, –деп жазды продюсер.  



Сонымен қатар Қайрат Нұртастың әйелі, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова екі баласымен Испанияға ұшып кеткенін айтты. 

“Ал, біз жолдамыз. Бір қарасам, Хан дұға оқып отыр. Қаласаң да, қаламасаң да өзге елдің әуежайын өзіміздікімен салыстырады екенбіз. Екі сағат рейс күтіп, Ыстамбұлдың әуежайын музей аралағандай араладық. Ұлдармен жеке жүру де терапия екен. Жүрекке бальзам екен. Барселонаға жеткенше сіздер де бізбен қыдыра тұрыңыздар”, – деп жазды актриса. 

Еске салайық, "Адам болған соң қателесуің мүмкін" деп Мәдениет министрі Балаева өнер адамдарының қамауға алынуына қатысты пікір білдірген еді. 

Талқылау