Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртастың кіші ұлы анасының әнсапарға кеткеніне көндіге алмаған

Бүгінде Қайрат Нұртас пен жұбайы кіші баласының көңілін таба алмай жүрсе керек. Жұлдызды жұп бір айлық әнсапарға аттанарда ұлына ескертпей кеткен. Ал, балақайды бағып қалған ата-әжесі, тығырықтан қалай шықты?!

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

«Арман» картинасының тұсауы кесілген күні, Жұлдыз да ел алдына алғаш  шыққан еді. Аталмыш картинадағы рөлін сәтті сомдаған Әбдікәрімованың, танымалдылығы бірден артты. Ол Қайраттың концертінде жүргізушілікті тізгіндеп, тіпті әнді де шырқады. Алайда, 10 жыл бойы бала күтімімен үйде отырған келіншектің, шығармашылыққа қызу кірісуі кіші ұлына оңай соқпапты.

«Мен жаман болған соң сен кетіп қалдың ба» – деген, сияқты әңгіме айтады. Ол енді бөпе ғой кішкентай. Кішкентайы сағынды, қалғандары түсінеді. Мамалары шыққан кезде қуанып, инстаграмнан қарап, қыздар енді есін біліп қалды ғой”, – дейді Айдарбекова.

Алау, Сезім, Нарұл және Хан! Қазіргі таңда Қайраттың қос қызы мен екі атұстары бар! Жұлдызды жұп әнсапарға аттанарда, төрт перзентін ата-әжесіне тапсырады.

“Бөлек тұрады деген аты болмаса, олар көбінесе менің үйімде. Ата деп менің қасымнан шықпайды. Мүмкіндігінше, үйде болған кезде өзіммен бірге алып жүруге тырысамын”, – дейді Нұртас Айдарбеков.

Бұл Қайраттың тығыз кестесінен уақыт тауып, мектептен ұлын күтіп алған сәті. Бүгінде жұлдызды жұптың тұңғышы 4 сыныпта оқыса, кішісі балабақшаға барады.

“Қайрат балажандау. Анасы да жақсы көреді. Бірақ, дегенменен тәрбие жағының көбісін қыздарға анасы береді ғой деп ойлаймын”, – дейді Қайраттың әкесі.

Жіберіп алмаңыз:

Димаштың ата-әжесін құттықтауға министр мен әкімнің өзі келген (видео)

Атышулы Айжан Байзақова туралы сіз білмейтін 5 дерек

КешYou-дің көшірмесі: Мөлдір Әуелбекованың жаңа тобы қатал сынға ұшырады (видео)

Гүлзира Айдарбекова келінімен мінсіз қарым-қатынасты қалай орнатқанын айтып берді

Талқылау