Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

КешYou-дің көшірмесі: Мөлдір Әуелбекованың жаңа тобы қатал сынға ұшырады (видео)

Продюсерлікті қолға алған Мөлдір Әуелбекова жақында өзінің тобын таныстырды. “Назар” төрттігі мерекелік концерттердің бірінде өнер көрсетіп үлгерді. Естеріңізде болса, Әуелбекова өзгелерге ұқсамайтын, ерекше топ құрамын деп уәде берген-ді. Алайда әзірге квартет уәдеге сай болмаған ұқсайды. Себебі бір топ тыңдармандар “Назарды” КешYou-дің көшірмесі деп айыптады, деп хабарлайды Stan.kz.

“Гәкку” арнасына берген сұхбатында “Назар” тобының қыздары эстрада алаңын жарып шығамыз, оған дайындығымыз мен мүмкіндігіміз жетеді, – деп мақтанды.

“Топ құрылғалы бос жүрген жоқпыз. Ән жағынан, би жағынан шыңдалдық. Бос уақытымыз болған жоқ. Онға жуық ән жаздырдық. Бұйырса бейнебаянға дайындалып жатырмыз. Біз заманауи бағыттағы, қазақи нақыштағы ерекше топпыз. Эстрадамызда жүрген басқа елдерге еліктеп кеткен топтарды қазақтың даласына қайтарып жатырмыз”, – деп бөлісті Әуелбекованың қыздары.

“Бірінші ерекшелегіміз – Мөлдір Әуелбекованың тобымыз. Екінші ерекшелігіміз – жанды дауыста айтамыз. Барлық жерде емес, мүмкіндігінше айтамыз. Сіздер әр бейнебаян шыққан сайын таңғалатын боласыздар. Біздің дайындығымыз мол. Жарып шыға аламыз деп айта аламыз. Дайындығымыз мықты”, – деп уәде берді қыздар.

Алайда тыңдармандар “Назар” тобының алғашқы өнеріне жақсы баға бере қоймады. Олар Әуелбекованың тың жобасы атышулы КешYou тобының көшірмесі деп сынады.

Жіберіп алмаңыз:

Гүлзира Айдарбекова келінімен мінсіз қарым-қатынасты қалай орнатқанын айтып берді

Ақбота Сейітмағамбет Дәуреннің кезекті өтірігін әшкереледі (фото)

Қазақстандық әншінің Ресейдегі мейрамханасынан заңсыз казино табылды

Бүркіттің жұбайының туған күніне орай жасаған сыйлығы көпшілікті сүйсіндірді (видео)

 

Талқылау