Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлзира Айдарбекова келінімен мінсіз қарым-қатынасты қалай орнатқанын айтып берді

Сіз қандай енесіз? Келіні Жұлдызды елге таныстырғалы бұл сұрақ Гүлзира Айдарбековаға жиі жолданады. Көпшілікке сырт көзге мінсіз көрінетін отбасының ішкі “асханасы” қызық. Расында Айдарбекова келінін өз қызындай көре ме? Ендеше неге он жыл бойы жасырған? Ол қос келінін қалай тәрбиелейді? Көпті мазалаған бұл сұрақтарға Гүлзира Үсенқызы жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz.

“Мен де, басқа енелер де келін болған. Әрқайсының басында әр түрлі тағдыры бар. Баяғы қараңғылықтың кесірінен кейбір енелер, өздерінің көрген қиындығы көп болғандықтан, қазіргі заманға сай өмірді қабылдай алмауы да түсіне алмауы да осыған байланысты. Сол көзқараспен енелерінен көрген тәрбиені келіндерінен талап етуі әбден мүмкін. Өйткені олар тек үйдің тірлігі мен балаларының бақыты, күйеуін пір тұтып, бәріне бағынған жандар”, – деп бастады әңгіменің әлқиссасын Айдарбекова.

Үсенқызы бұрынғы заманның адамдарына түсіністікпен қарауға кеңес береді. Айтуынша, енесінің ескерту жасағаны – келініне жақсылық ойлағаны.

“Иә, қазір заман басқа болғанымен, ол кісілерге үлкен ұғыммен көз жүгірткен дұрыс. Жақсы болсын, жаман болсын, ол сіздің балаларыңыздың әжесі, күйеуіңіздің анасы болғандықтан сіздің де анаңыз. Сіз оны өзгерте алмайсыз, керісінше ол сізді өзгертуі мүмкін. Ақыл-кеңесін беріп, білмегеніңізді үйретуге міндетті, себебі ол бәріңізге ана. Сізге анаңыз ұрысса да тіптен шашыңызды жұлып ұрса да, сіз тез кешіресіз, бәрін тез ұмытып кетесіз. Сағынсаңыз, сізге деген аналық маxаббатын, еңбегін еске алып, қиналған сәтіңізде күйеуім не балам деп емес “мама” деген сөз аузыңыздан еріксіз шығады. Енеңіз сізге қаттырақ ұрысса сіз ерегісіп түзеп алам деп жұлқынбай, өз анаңызды қалай тез кешіріп, тез ұмытасыз, тура солай қабылдаңыз.”Өз балаң өзегінен тепсеңде кетпейді” деген. Қит етсе, енеңізге де күйеуіңізге де “кетемін” деген сөзді айтпаңыз. Бақытты боламын деп емес, осы отбасын бақытты етемін деген сөзді өзіңізге жүктеп алыңыз. Ұрысса, өз балам деп, піссін, үйренсін деп ұрысады. Айдаладағы біреу болсаң, сізде жұмысы болмас еді”, – деп түсіндірді Қайрат Нұртастың анасы.

Атаңа не жасасаң, алдыңа сол келеді! Үлкенге құрметпен қарауға шақырған Гүлзира Айдарбекованың ұстанымы осындай. Үсенқызы жас келіндерді енелерін сыйлап, келін болып түскен шаңырақ үшін барын салуға кеңес берді. Себебі болашақта енеңе көрсеткенің алдыңнан шығуы мүмкін, дейді ол.

“Бір мезгіл жақсылығын да ескеріңіз. Сіз келін болып түскендегі, шексіз қуанышын еске түсіріңіз. Қайтсем шешесін жамандап, баласын бөлек алып кетсем деген арам ойдан аулақ болыңыз. Еңбегіңізді сіңіріп, батасын алып бөлек шығыңыз. Ертең соны көріп өскен балаңыздың есінде қалады. Олардың да балалары сіздерге атам, әжем деп құрметпен қарайтын болады. Сіздің де қолыңыздан күшіңіз кетіп, енеңізге көрсеткен келеңсіз жағдайларды өзіңізге артығымен көрсететін келінді болмасыңызға кім кепіл.”Өзің жақсы болсаң бәрі жақсы, жаман болсаң бәрі жаман”, бұл сөзді тереңдетіп ойлансаң, астарында қаншама мағына бар.Кір іздегенге мін табылғыш.Өз анаңдай болуы үшін, өз баласындай бол!” – деп түйіндеді сөзін ол.

Жіберіп алмаңыз:

Ақбота Сейітмағамбет Дәуреннің кезекті өтірігін әшкереледі (фото)

Қытайда тағы бір марапатқа ие болған Димашқа көрермендер ән айтқызбай қойды (видео)

Бүркіттің жұбайының туған күніне орай жасаған сыйлығы көпшілікті сүйсіндірді (видео)

Жұлдыз Әбдікәрімова “Бәйтерек” ішінде үкілі орамал және халатпен түскен суретін жариялады (фото)

Талқылау