Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртастың бөлесі Ақерке Тəжібаева сүйіктісіне өзі бірінші болып қадам жасағанын айтты

Ақерке Тəжібаева тұрмысқа шыққаннан бері өзінің өмірінің күрт өзгергенін айтып, Stan.Kz сайтының тілшісімен бастан өткен қызықтарымен бөлісті.

IMG-20170906-WA0023

– Ақерке, отбасылық өмір сіздің өміріңізді қаншалықты өзгертті?

–  Əрине, өзгеріс көп. Қыз кезімде уақытымды гострольдік сапарларға, концерттерге арнасам, қазір үй шаруасына бөлемін. Барлық шешімді өзім немесе ата-анаммен ақылдасып қабылдайтынмын. Қазіргі кезде тек жолдасыммен ақылдасып, тек сол кісінің қалауымен шешімдер қабылдайтын болдым. Аллаға шүкір, жолдасымның көрегендігі, оқығандығы болар өнерімді қолдап, демеу көрсетуде. Сол кісінің рұқсатымен шетелдерге немесе ел ішіндегі концерттерге шығып тұрамын. Онымен қоса енем, қайын əпкем шетелдік сапарларыма ақ жол тілеп, келген соң жақсы көңіл-күймен қарсы алып жатады. Оған да мың да бір шүкір.

IMG-20170906-WA0013

Жалпы, үй шаруасына келетін болсам, алғашқы кезде сəл қиындау болды. Қыз кезімде  уақыттың көбісі үйден тыс өтетін болса, қазіргі кезде басым көп уақытым тамақ істеу, үй жинау, киім үтіктеу т.б. үй  шаруасына кетеді. Қазір, міне, 1,5 жыл болды өз ісімнің маманы ретінде тез əрі шапшаң қимылдап, үлгеруге тырысып жатамын. Оңтүстікше қонақтарымды жақсы күтіп алып, кəде сый дайындап, жақсы көңіл күймен шығарып саламын. Асханада ет асып, қамыр жаю мен үшін түк те қиын емес қазіргі кезде. Жəне тұрмысқа шыққан соң адамның мінез – құлқы да өзгереді екен. Ата-анама еркелеп өстім. Оның үстіне тік мінезім бар еді. Қазір ойланып, жолдасымның көңіліне, жүзіне қарап сөйлейтін болдым. Кішкене сабырлылау бола бастадым. Кейбір кезде үндемей қалуды үйрендім. Көп нəрсе əйелдің тіліне байланысты демекші, отбасында түрлі жағдайлар болады. Сол кезде үндемей, сабырлы болуды үйрендім.

– Жолдасыңызбен қалай таныстыңыз?

– Негізі, дəл осы жігітке тұрмысқа шығуыма анамның септігі зор болды. Мен анаммен еркін сырласып, барлық достарым туралы айтамын. Өмір көргендігі шығар, анам Есенжол туралы естіп-біліп, фотосын көрген кезде бірден ұнатып, батасын берді. Ал, алғашқы таныстықты өзім  бастадым. Мен əлеуметтік желілерде  көп отырмаймын. Тек инстаграмды қолданамын. Вконтакте желісінде əндер тыңдайтыным бар.

IMG-20170906-WA0017

Осыдан бірнеше жыл бұрын вконтакте парақшасын қызықтап отырып, бір сүйкімді жігіттің суретін көріп қалдым. Сол жігітке лүпіл (like) басып, өтіп кеттім. Бірнеше күннен соң сол жігіт маған əлеуметтік желі арқылы достық жіберіпті. Менде ойланбастан қабылдап, тіпті, амандасып хат жазатын шығар деп күттім. Алайда, 2-3 апта бойы түк жазбады. Біраз уақыт өткен соң ғана “қалайсыз?” деп жазып, танысып, таңды таңға атырап əлеуметтік желі арқылы сөйлесе бастадық. Кейін менің гострольдік сапарларым басталып, ол жігітпен хабарласуға еш уақыт болмады. Тек бір жылдан соң ғана есіме түсіп, өзім алғаш болып хабарласып, қайтадан дос ретінде сөйлесе бастадық. Көп ұзамай ол жігіт Астанадан Алматыға демалысқа келіп, мені кездесуге шақырды. Бірнеше рет кездескен соң ол өзінің анасына мен туралы айтыпты. Ол кісі уақыт өтіп, бір бірімізді тануға кеңес беріпті. Маңдайға жазылған бағымыз шығар, бүгінде бір отбасына айналдық.

IMG-20170906-WA0027

– Қаншалықты романтик?

– Романтикаға бір табан жақын. Біз үйленбей тұрып менің туған күніме жасаған тосын сыйы есімнен кетпейді. Жұмыста отырсам, маған қарама -қарсы отырған əріптесімнің көзі ұясынан шығардай таң қалып қарап қалыпты. “Не көріп қалды екен?” деп артыма бұрылсам, көөөөп жүрек формасындағы шар мен үлкен гүл шоғын ұстап Есінжол келіп тұр. Ол кезде Есенжол Астанада қызмет ететін еді. Сол күні арнайы мен үшін келіп, кешкі рейспен қайта ұшып кеткені есімде.  Мұндай тосын сыйлар отбасылы болған соң да тоқтамады. Тек мереке күндері ғана емес, кез-келген күні де себепсіз сыйлық сыйлап, мейрамханаға шақырып тұрады.

– Сіздің жүрегіңізді қандай қасиетімен жаулап алды?

– Есенжолдың бойында жақсы қасиеттер өте көп. Жүрегі кең. Көмекке мұқтаж жандарға үнемі көмектескісі келеді. Бір күні мен қонақ шақырдым. Үйде сусындар бітіп қалды. Содан Есен дүкенге сусынға кетіп, 1,5 сағатқа жоқ болып кетті. Мен уайымдай бастадым. Бір кезде терлеп-тепшіп келді. “Ақерке, біздің үйдің жанында зағип жан тұрады. Екі аяғымен жүре алмайды. Қайда барасыз?десем қияр, қызанақ алсам деп едім дейд. Содан өзім барып сатып алып, үйіне де жеткізіп салдым” деп балаша мəз болып тұр. Іштей осындай ақ жүректі азаматтың жары болғаныма қуандым. Бұл ананың сүтімен келген қасиет деп білемін. Енем де сондай қолы да, жүрегі де кең жан.

IMG-20170906-WA0036

– Сізге жасалған ең ерекше сыйлығы қандай?

–  Мен бұрын тек үлкен сөмкелер ұстайтынмын. Ішіне барлық керек нəрселерді салып алуға ыңғайлы. Ал, Есенжол маған кішкентай сөмке сыйлады. Ол сөмкенің əдемілігі соншалық менің талғамымды 180 градусқа өзгертті. Қазір үнемі ұялы телефон, қажетті құжаттар ғана сыятын шағын сөмкелерді ұстауға əуеспін.

IMG-20170906-WA0042

– Отбасылық өмірдегі қызықты бір оқиғаңызды айтып бере аласыз ба?

–  Қызықтар өте көп қой. Тұрмысқа шыққан соң, алғаш рет енем Астанаға қонаққа келеді. Сол кезде ет асып, жаймасын қолдан жайып, қызмет еттім. Бір қызығы, дайындығым қызу болды. Ет асудың небір түрлерін ғаламтордан қарап, анамнан сұрап, пісірдім. Өте дəмді болды. Бəріне ұнады. Бірақ, сол кездегі түрім адам шошырлықтай еді. Жақындарымның көңіліне қаяу түспесін деп тез қимылдап, терлеп кетіппін. Жолдасым əлі күнге дейін соны айтып күліп отырады.

– Ендеше, отбасылық бақытыңыз бен қызықтарыңыз баянды болсын.

Жіберіп алмаңыз:

Ернар Айдар: Жарыма қарағанда, әркез ата-анама деген махаббатым биік тұрады

Немере сүйіп отырған Бақыт Шадаева әлі де тұрмысқа шығудан үмітті екенін айтты

Әріптестері Айқынның әке атанғанын растады

Мен аз ақша таппаймын: Сиви Махмуди шетелдегі зәулім үйі туралы алғаш рет сыр ашты

Талқылау