Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртастың әкесі отбасын сақтап қалу үшін кезінде әншіліктен бас тартқан

Ән айту өнері Қайрат Нұртасқа әкенің қанымен дарыған. Өздері әнші болмаса да, бүгінде Гүлзира және Нұртас Айдарбековтерді жұрт жақсы таниды. Себебі олардың ұлы еліміздегі ең танымал әншілер қатарына қосылды. Тіпті, елде жоқ дүниелер жасап, барлық әріптестерін басып озды десек, артық айтқандық болмас.

айдарбековтер3

Қайрат Нұртастың әкесі де кезінде ән салған. Тек ұлы сияқты үлкен сахналарда емес, кішігірім жиындарда және достарының ортасында өз өнерін паш еткен. Әншілік қызметтің мол пайда алып келетінін білсе де, Нұртас Айдарбеков отбасынан айырылып қалмау үшін сахнаға шығудан бас тартқан. Бұл туралы оның жұбайы Гүлзира Айдарбекова 31 арнаның «Ұят емес» бағдарламасында айтып берді.

«Ешбір той менің жолдасым ән айтпай өтпейтін. Сонда қаншама әншілер жолдасымның даусының мықты екенін алға тартып, тойларға бірге шығуға ұсыныс жасаған еді. Мен де олардың сөзін қоштап, әншіліктен мол табысқа кенелетінімізді айттым. Сонда жолдасым: «Сен қара шай ішкеніңе риза бол. Нанға уылдырық немесе сары май жағып жемей-ақ қой. Өйткені мен адам баласымын. Той-тойлап кетемін, көзге әрнәрсе түседі. Арақ, қыз-келіншектер… Мен сайтан емеспін, менің де адасуым мүмкін. Ал мен отбасымды қатты жақсы көремін. Баламнан да, сенен де айырылғым келмейді. Сенің мінезіңді де, кешірмейтініңді де білемін. Сондықтан осы қара шай ішейік, мен шықпай ақ қояйын», – деді.

Бірақ соны баламнан қатты күттім. Қайрат өмірге келген кезде 6 келіншек бір уақытта босандық. Алтауымызды бір палатаға жатқызды. Қайратты емізуге алып келеді. Сонда көбісінің балаларының даусы ащы, сәби болса да жағымсыздау шығатын. Келіншектердің бәрі: «Сенің балаңның даусы адамның жүрегін елжіретіп жібереді» – дейтін», – деп еске алды Гүлзира Үсенқызы.

Жіберіп алмаңыз:

Айсәуле Бақытбек талғамсыз киімі үшін сын астында қалды (фото)

Мейрамбек Бесбаев бала күнгі досының ел білмейтін қырларын жария етті

Саят Медеуов Мейрамбек пен Тоқтардың 18 жасын тойлау үшін түнімен ақша іздеген

Мәдина Сәдуақасова күйеуінің көңіліне қарап әріптестерінің тойларына бармайтын болған

Талқылау