Қайрат Нұртас әріптесінің туған күніне жары Жұлдызбен бірге келді (фото, видео)
Әнші әрі аткриса Салтанат Бақаева кезекті рет 18 жасын атап өтті. Салтанаттың қуанышына өнердегі әріптестері ортақтасты. Олардың арасында Қайрат Нұртас пен оның жары Жұлдыз ерекше көзге түсті, деп хабарлайды Stan.kz.
Салтанат Бақаева Жұлдыз Әбдікәрімованың жақын құрбысы. Осы күнге дейін құрбысының құпиясын жан баласына айтпаса да, желіде Салтанат пен Жұлдыздың достығын дәлелдейтін бірге түскен суреттері толып жүр. Қос бикеш өнер ордасында бірге білім алса керек-ті.
Күні кеше Салтанат туған күнін дүркіретіп атап өтіп, алғаш рет жақын құрбысының суретін жариялады.
Атап өтейік, Қайрат пен Жұлдыздан бөлек, Нұржан Керменбаев, Арман мен Аша, “Қазақстан аруы” Айдай Исаева Салтанатты туған күнімен құттықтап келді. Қуанышын караоке-барда атап өткен Бақаева әнші достарының арасында ән жарыс ұйымдастырды.
Жіберіп алмаңыз:
«Меломен» тобының əншілерін пышақтап кетті (фото)
Жанболат студенттік шақта Жазираға ғашық болған жігіттер туралы айтты
Алтынай Жорабаева: Ажырасамын деп күйеуге тиген жоқпын
Айдарбековтер әулеті жаңа құдаларды сән-салтанатпен қарсы алды (видео)
Қайрат Нұртас Мейрамбектің термесін шырқап, жұртты сүйсіндірді (видео)