"Қайрат" Конференция лигасынан шығып қалды
"Қайрат" футбол клубы Конференция лигасындағы жарысын аяқтады. Қарымта ойында алматылық команда тағы да 0:1 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аталмыш турнирдің екінші іріктеу айналымында Венгрияның "Кишвардасымен" кездескен халықтың командасы сырт алаңда да ұтылды. Есеп 1:0.
“Қайрат” ойын басында-ақ жақсы шабуылдар ұйымдастырғанымен, ойынның 39 минутында Ясмин Мешанович гол соқты. Осылайша үзіліс алдында соғылған жалғыз гол мадиярларға жеңіс сыйлады.
Ал екінші таймда “Кишварда” қақпаға соққы бағыттағанымен, қақпашы Данил Устименко бірнеше рет сейв жасады. Екі ойын қорытындысы бойынша “Қайрат” 2:0 есебімен ұтылып, Конференция лигасынан шығып қалды.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді

