Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Әділгерей: Бәрі киноға төсек арқылы келіп жатқанда, біз төбелес арқылы келдік

Қайрат Әділгерей мен Жахан Өтепбергеннің рөлге таласы көрерменнің көз алдында өтті. Бірі мұны кино жарнамасы ретінде қабылдады, бірі хайп деп айыптады. Ал, актер Қайрат Әділгерей киноға төбелес арқылы келдік деп әзілдеді.

Әзіл әлемінің екі жұлдызы Қайрат пен Жахан Нұрлан Қоянбаевтың киносынан дәмелі. Кино картинадан бірі Қайратты, бірі Жаханды көргісі келеді. Ал, продюсер Қоянбаевтың өзі екеуін де бөліп жармайтынын айтқан еді. 

"Елдің бәрі киноға басты рөлге төсек арқылы келіп жатса, біз төбелесіп келді. Төбелес арқылы қабылдандық", - деп әзілдеді Әділгерей Нұрлан Қоянбаевпен тікелей эфир кезінде.

Желідегі эфирде әңгімелескен екі әзілкеш көрермендерін күлкіге қарық қылды. 


"Бір аяғым 5 сантиметрге қысқа": Қайрат Әділгерей ауыр жол апатына түскенін айтты


Бұған дейін Қоянбаева қазақ киносының түрік тіліне аударылып, Түркияда түсірілетінін айтқан болатын. Алдағы уақытта киноның түсірілімі жоспарланып отыр. 

"Қайрат та, Жахан да мықты. Екеуін де көргіміз келеді", "Жахан барлық киноға түсе берсе қызық емес, ерекшелік болу керек, актерлерді ауыстыру керек", "Қайратты алса екен, бәріміз жақсы көреміз", "Жахан жас болса да, күлдіре алады", - деді желідегі көрермен. 

Талқылау