AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Әділгерей: Әйел адам қызғаншақ келеді

Қайрат Әділгерей мен жары Бақыт Тұрман отбасылық құпиялары, ұстанымдар мен жоспарлары жайында айтты. Ерлі-зайыптылардың отбасын сақтап қалу жолындағы қағидаларды баяндады. 

Бұл туралы “Таңғы Студия” бағдарламасында айтылды. 

Қайрат Әділгерей мен Бақыт Тұрман бір шаңырақ астында 15 жылдан бері тұрып келеді. Бұған дейін жұлдызды жұп қалай танысқандарын, отбасын қалай құрғандарын талай айтты. Ал бұл жолы отбасылық құпияларымен бөлісті. 

“Біз Бақыт екеуміз де  ерте тұрамыз. Екеуміздің де жұмысымыз ерте басталады. Жаңадан үйленген жылдары түске дейін ұйықтап жата беретінбіз. Қазір бала-шаға бар, оларды балабақшаға апару керек. Уақыт тығыз. Уақыт өте келе ерлі-зайыпты отбасының қадірін біле бастайды. Екі жаққа кетуден гөрі отбасын сақтап қалудың жолын ойлайтын шығар. Бізде астаң-кестең ұрыс, төбелес жоқ. Бәрін сөзбен шешеміз. Әр отбасы дауылдан, бораннан, қиындықтан, жауынды күндерден өту керек деп ойлаймын. Сонда ол отбасының қадірін біледі”, – деді Қайрат Әділгерей. 

Ал Бақыт ханым әйел адамның табиғатынан қызғаншақ келетінін мойындайды. 

“Әйел адам қызғаншақ келеді ғой. Біз жас емеспіз. 15 жыл болды отау құрғанымызға. Қызғаныш үшін ұрыс болған жоқ. Егер бір жайт болса, оны бір-бірімізге айтамыз. Мына жерде маған ұнаған жоқ дегендей. Қайрат менімен бақытты. Мен үнемі айтып отырамын, барыңның қадірін біл, сенде бәрі бар деп”, – деді жары. 

Ал актердің айтуынша, өзі жаратылысынан шыдамсыз болғанымен, әйелі темірдей мықты адам. Қашанда қайратты.

“Бақыт кез келген жағдайда сабыр сақтайды, артын күтеді. Шыдамдылық танытады. Ақшаны бекерге жоя бермейді”, – дейді ол. 

“Менің талғамым төмен бе, әлде Бақыттың талғамы жоғары ма, әйтеуір сыйлық таңдағанда қиналамын. Ол сыйлық ұнамай қалады. Оны қайта қайтару керек болады. Сондықтан сыйлықтың ақшсын бере салған дұрыс па деймін”, – дейді әзілкеш. 

Қайрат мырза шетелде тұрып көруге қарсы емес, алайда біржола шетелг көшкеннен ешкім бақыт таппайды деген пікірде. Адам өз елінде ғана бақытты дейді ол.


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр