AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас: 17 жасымнан бастап танылдым және танымалдықты әлі ешкімге бермей келе жатырмын

Қайрат Нұртас Ақтөбеде концерт берді. Әнші ауырып тұрғанына қарамастан, ән шырқап, тыңдармандарының көңілін көтерді. 

Қайрат Нұртастың Ақтөбеде өткен концертіне көпшілік көп жиналды. Жасы үлкен аналарымыз да, жас қыз-жігіттердің де қарасы көп. Әнші 8 Наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтап, аналарға, әжелерге, қыз-келіншектерге тілегін айтты.

“Аналарымыз қартаймасын, дендері сау болсын. Оларға екі дүниенің бақытын нәсіп етсін. Халықаралық ханымдар мерекесі құтты болсын. Барша Аналар, қыз-келіншектер қауымын келіп жеткен 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Әлемге нұрларыңызды шашып, әдемі болып жүре берулеріңізге тілектеспіз”, – деді әнші. 

Қайрат Нұртас өзінің 17 жасынан бастап көпке танымал екенін айтып, елге алғысын білдірді. 

“17 жасымнан бастап танымал болған екенмін. 33 жас. Әлі келе жатырмын. Әлі бермеймін. Қалжың. Әр қазақ –  менің жалғызым. Сіздердің көңілдеріңізден шығуға жұмыс істеймін. Бір-бірімізге шынайы махаббат, шынайы достықпен қарайық. Аман-сау жүргенім өздеріңіздің жүрекжарды тілектеріңіздің арқасы. Қай жерде болсын, елімнің ықыласының арқасында Қайрат болып жүрмін. Менің барым – сіздер”, – деді әнші. 

Нұртас сағынғанда, ғашық болғанда ән жазатынын айтып қалды. Концерт барысында әзіл айтып, тыңдарманын күлдіруге тырысты. 


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр