Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Той үстінде құлап қалған Қайрат Әділгерей елді күлкіге қарық қылды (видео)

Қайрат Әділгерей өзі басқарып жүрген тойда құлап қалды. Актер ақтықтан аттамақ болғанда аяғы тайып кеткен. Алайда еш саспастан мұның өзін әзілге айналдырып жіберді. 

Қайрат Әділгерей актерліктен бөлек той басқарады. Түрлі кештер мен қазақтың тойында асаба болып жүр. Кезекті бір тойда актер оқыс жағдайға тап болды. Бұл сәттің видеосы желіде желдей есті. 

Актер қыз ұзатылатын ақтықтан секірем деп аяғы тайып құлады. Бұл сәтте той қонақтары күлкіге қарық болды. Алайда асаба әзіл айтып үлгерді. 

“Бұл тойда не қызық болды дегенде, асаба аяғы тайып құлады деп күлдіресіңдер енді. Есесіне қызық болды. Өскеменнің қыстыгүнгі көктайғағында құламаған тойында құлағаным қызық болды”, – деді ол. 

Видеоны Әділгерейдің өзі парақшасында жария етті. 

Өнер өкілдері мен желі қолданушылары оны қолдауға тырысты.

“Жаным-аау, беліңді ауыртып алмасаң болды ғой”, – деді Алтынай Жорабаева.

“Өзіңе бәрі жараса қалатынын айтсайшы”,  деді Жазира Байырбекова. 

“Ойбу, бірінші қай аяғыңды қойдың, матадан тайып кетті-ау. Ештеңе етпейді, артынан әзілдеп жібердің”, – деді Асхат Тарғын.

“Жаным, Қайрақам”, – деді Ғазизхан Шекербеков.

“Қайреке, әдемісің ғой, не істесең де жарасып тұрады”, – деді Ерлан Орынбасаров. 


Талқылау