Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Қайын атам шешіп таста деп жұлып алды": Күйеуінің көзіне шөп салған келіншек әділдік іздейді

Күйеуінің көзіне шөп салған келіншек әділдік іздейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Пендеміз ғой" бағдарламасына сілтеме жасап.

Әсия Байжарқынова есімді келіншек 18 жасында тұрмыс құрып, дүниеге екі қыз бір ұл алып келеді. Артынша күйеуі қайтыс болып, нәпақасын тойдан іздеп кетеді. Сөйтіп жүргенде 4 баласы бар ажырасқан азаматпен танысып, көңіл жарастырған. Бірақ ол да көп ұзамай келіншектің мойнына жүктің барлығын артып кетіп қалған. Арасында балаларымен кездесуге келіп тұрған көрінеді.

"Маған кішкентай құрылғы алып келіп берді. Мынаны мойыныңа тағып ал, тағып жүрсең, сені емдейді деді. Оның алдында Шымкентте тұрып жүрген кезде оның құрылғысы болатын. Кез келген жеріңді емдей беретін. Сол сияқты деп ойладым. Бұрынғының басқыштары болатын, мынаның басқыштары болмады. Жаңа технология шығар деп тағып алдым. Шын мәнінде ол GPS екен", - дейді Әсия Байжарқынова.

Екінші күйеуімен ажырасып кетсе де, сыйлық қабылдаған Әсия Байжарқынова дыбыс жазып, координаттарын анықтайтын құрылғыны алқа ретінде мойынына тағып жүреді. Бір күні үшінші ер адаммен көңіл қосқан келіншектің екінші күйеуі тауып алып, өзін де жігітін де соққының астына жыққан. 

"Ақпанның төрті күні Ташкентке емделуге шықтым. Жүріп жүрген жігітпен кездестім. Таңғы сағат 6-7 арасында жігітім пәтерден шығып, көлігін оталдырып отырған кезде екінші күйеуім, әкесі, қарындасы, жолдас баласы бар жігітімді көліктен шығарады, пәтерге алып кір деп айтады. Бірақ жігіт келіспейді. Жолдас баласы пышақпен жігітімді қорқытады. Бәрі баса көктеп кіреді. Қайын атам, қайын сіңілім, бұрынғы күйеуім келіп мені ұрды. Үстімде майка ғана болған. Көрпе алып жауып жатсам, қайын атам шешіп таста деп жұлып алды. Камераға түсіріп жатыр", - дейді Әсия Байжарқынова.

Екінші күйеуінің туыстары Әсия Байжарқынованы видеоға түсіріп, бір жыл уақыт өткеннен кейін желідегі парақшаларға жүктеп, келіншекті күйеуінің көзіне шөп салды деп масқарасын шығарған. Қазіргі таңда жеке өмірге қол сұғу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, кінәлі адамдар тергеліп жатыр.

Дегенмен Әсия бой жетіп отырған 16-17 жасар қыздары үшін қорқады. Өйткені бірінші күйеуінен туылған қыздар екінші әкелерінің біртүрлі қылықтарды жиі байқайтын көрінеді.

"Бір күні екінші қызым "Ұйқтап жатқанымызда қасымызға келіп қарап тұр. Содан көзімді ашсам, қасымызда тұр екен. Түк білмегендей көзімді жұма салдым. Бір уақытта көрпеміздің асты жағын ашып тұр, ол қалай болғаны" деді", - дейді Әсия Байжарқынова.


"Мынадай адаммен бірге отыруға жиіркенем": Ақын әнші Фарема отырған студиядан кетіп қалды >>>

Пікір қалдыру үшін сізге сайтқа кіру керек
Талқылау
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

«Аралтұз» АҚ тұз құрамынды әйнек жүр деген ақпаратқа жауап берді

Желіде тұз құрамында әйнек бары айтылған аудио-видео тарады

"Сап-сау еді": Маса шаққан ер адам 9 күннің ішінде көз жұмды

Ол маса шаққаннан кейін сирек кездесетін ауруды жұқтырған

Тәртіпті көп бұзады: Қазақстанда полиция сержанттарының қызметіне өзгеріс енгізіледі

Сержанттардың тәртіпті көп бұзатыны анықталды

ТҚЖБ басшысы: Атаулы әлеуметтік көмек арқылы несиені жабуға ешкім жол бермейді

Ләззат Ибрагимова АӘК мен әлеуметтік жәрдемақылардың кіріс деп саналмайтынын айтты

"Біреудің пешін жағып, еденде ұйықтаған": Қанат Ислам көпбалалы анаға елордадан екі бөлмелі пәтер алып берді (видео)

8 балалы ана бұған дейін өзгенің отын жағып, үйін тазалап күнелтіпті

"Қатын болып жүрген жеріңнен адам қылдым": "Шімән апа" танымал тележүргізушіні әшкереледі

Ерболат Төлеген: Халық кімнің кім екенін білу керек

Алматыда жол опырылып, көлік ішіне түсіп кетті

Куәгерлер оқиғаның суреттерін бөлісті

Күн салқындап, жаңбыр жауады: Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Мамандар 20-22 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жасады

"Бәріне үй бере алмаймыз": Вице-министр көпбалалы аналарға ескерту айтты

Қайырбек Өскенбаев: Мен де, министр де бірден аналардың бәріне үй бере алмайды

"Көз жасымды тоқтата алмадым": Жанар Хамитованың өлімінен кейін есеңгіреп қалған ақын қыз арнауын жазды

Берлібаева Азиза: "Біреу келіп түсімнен оятып жіберсе екен"
Çàãðóçêà...