"Мынадай адаммен бірге отыруға жиіркенем": Ақын әнші Фарема отырған студиядан кетіп қалды

Ел арасында ашық образымен көзге түсіп жүрген әнші Фарема Қазақбаева ашық-шашық образына қатысты түсініктеме берді. Ол өзін айыптағандарға жауап берді.

Әнші "Астарлы ақиқат" студиясында қонақ болды. Ол не себепті ашық киінген образымен танылғанын түсіндірді. 

"Бізде Қазақстанда шоу-бизнес дамымай қалған. Қызыл өрікпен шоуды қалай көтеруге болады. Одан әрі жылжу керек. Осындай ашық образбен көтеру керек. Бұл жалаңаштану емес, бұл сахналық образ. Мен үйде не көшеде олай жалаңаш жүрмеймін. Мен тек сахналық костюмдерді солай таңдаймын. Батыста бұған кері көзқараспен қарамайды. Ешкім сынамайды да. Бізде кері тартады, көтермелеуді білмейді", - деді әнші. 

Студияда одан өзге ақын, сатирик Жарылқасын Дәулет мырза қонақ болды. Ол әншінің сөзіне түбегейлі қарсы шықты. 

"Айналайын, сенің күллі қазақстандықтың алдында жалаңаштанғаныңнан, үйіңде жалаңаш жүргенің артық еді. Сені қанша адам көрді. Қанша жас қыз саған еліктейді. Даусың әп-әдемі, шешінбесең абырой ала алмай қалам деп ойладың ба? Кешіріңіздер, мен мынадай адамдардың қасында отырғым келмейді", - деп сөз алған Жарылқасын Дәулет бағдарлама басталмастан жатып кетіп қалды.

Ал, бағдарлама барысынды қатаң сын айтылған соң Фарема келесі бейнебаянын жабық киіммен түсіруге уәде берді. 

"Мына кемпір не біледі деп маған қарап мүсіркеп отырған шығарсың, мен саған қарап аяп отырмын. Батысқа сенің мұндай стилің таңсық емес. Олар сенен де асып түскен. Сенің образыңа қызықпайды да. Димаш әлемді "Дайдидау" әнімен-ақ қаратты. Моңғолиядағы бүркітші қыз жалаңаштанбай-ақ ауылда жүрген қалпымен әлемді қаратты. Әлем экзотикаға қызығады. Қазақтың салтына, бұйымына қызығады. Әлемді солай ғана таңғалдыра аласың", - деді сыншы Әмина Құрман. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте 300 адам ұйықтап қалған баланы жарты күн іздеді

Баланы іздеуге атсалысқандардың қатарында полиция қызметкерлері де бар

60 миллиард: Мемлекет "Қазагроға" тағы көмектеседі

2018 жылдың өзінде холдинг 400 миллиард теңге шығынға батқан екен

Жүргізуші әйел қарсыласының көлігінің күл-талқанын шығарып, қоқан-лоқы көрсетті

Ашуға бой берген әйел бұзақылығы үшін екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Павлодарда автоцистерна жарылып, бір адам қаза тапты

Жарылыстың мән-жайы анықталып жатыр

Конор МакГрегор қазақстандық боксшылар мен балуандарды жоғары бағалады

Макгрегор: Қазақстанда бокс керемет және бай тарихы бар

Елімізде имамдар да атаулы әлеуметтік көмек ала алады

Қазақстанда дін өкілдерінің еңбекақысын көбейту мәселесі қолға алынуда

282 факт: Қазақстанда жасырын болған сәби өліміне қатысты жаңа деректер айтылды

282 бала тірі туғанымен, өлі деп тіркелген

9 айда 156 нәресте: Атырау облысында жаңа туған сәбилердің неден шетінегені белгілі болды

Инфекциялық бақылау талаптары сақталмаған

Бірі жасөспірім: Жүк көлігінің ішінен 39 адамның денесі табылды

Жүк көлігінің 25 жастағы жүргізушісі кісі өлтірді деген күдікпен қамауға алынды

Алматылық сот төрешісін ақтап, кейін қайта соттады

Судья алаяқтық пен парақорлық үшін айыпталды
Çàãðóçêà...