Қауіпсіздік күштеріне ұйымдасқан қылмыстық топтарға атүсті қарамауды бұйырған Тоқаев жақында Ресейде болған қарулы бүлікті меңзеді
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік күштерінен ұйымдасқан қылмыстық топтарға атүсті қарамауды бұйырып, жақында Ресейде “Вагнер” жеке әскери компанияның басшысы Евгений Пригожин ұйымдастырған қарулы бүлікті меңзегендей болды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Қылмыстың ұйымдасқан түрлері мемлекет пен қоғам үшін зор қауіп төндіреді. Ел ішінде болған жайттар, сондай-ақ төңірегіміздегі геосаяси кеңістікте болып жатқан оқиғалар ұйымдасқан қылмыстық топтармен ымырасыз күрес жүргізудің аса маңызды екенін көрсетті. Ұйымдасқан қылмыстық топ өкілдерімен "бармақ басты, көз қысты" әрекеттерге баруға, астыртын мәміле жасауға, сыбайластыққа жол берілмейді әрі қатаң тыйым салынады. Олардан қаһарман жасаудың керегі жоқ. Кезінде Абай "Күшік асырап, ит еттім, ол балтырымды қанатты. Біреуге мылтық үйреттім, ол мерген болды, мені атты" деп айтқан”, – деді Тоқаев жұма күні әшкі істер министрлігінің өкілдерімен кездесуінде.
- “Алаяқтарға жеңілдік жасалмауы керек”: Президент қажылыққа барамын деп алданып қалған 120 азаматтың мәселесіне пікір білдірді
- "Жылда бір елді мекеннің халқына тең адамнан айырыламыз": Тоқаев елдегі жол апатына алаңдаушылық білдірді
- Тоқаев полицияның халық арасындағы беделінің төмен екенін айтты
Президент сөзінде жақында "Вагнер ЧВК" басшысы Пригожин ұйымдастырған әскери көтеріліске тікелей сілтеме болуы мүмкін оқиғалар туралы айтады.
“Таяудағы оқиғалар қылмыс әлемінің өкілдері, түптеп келгенде, мемлекет пен заңға бағынатын азаматтарға қарсы бас көтеріп, саяси талап қоюға және өз дегенін жасатуға тырысатынын көрсетті. Жалпы заңға бағыну мен құқық бұзушылықтың ара-жігін нақты ажырата білу қажет. Тағы да қайталап айтамын. Қоғамда Заң мен Тәртіп қатаң сақталуы керек. Сонда ғана еліміз өсіп-өркендейді. Бұл – мызғымас қағида. Қылмыскерлермен күрес ымырасыз жүргізілуге тиіс. Бірде бір құқық бұзушылықты елеусіз қалдыруға болмайды. Мұнда ұсақ-түйек деген жоқ", – деді Тоқаев.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік