"Жылда бір елді мекеннің халқына тең адамнан айырыламыз": Тоқаев елдегі жол апатына алаңдаушылық білдірді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрлігінің отырысында сөз сөйлеп, жол қауіпсіздігі туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол жол қауіпсіздігін арттыруды тапсырды.
"Соңғы үш жылда жол-көлік оқиғаларының саны 9%-ға өсті. 6500-ден астам адам қаза тауып, 55 мыңнан астамы жарақат алды. Бұл статистика алаңдатарлық. Шын мәнінде, жылда ірі елді мекен халқымен бірдей адамдардан айырыламыз. Бұл ел үшін нағыз трагедия", – деді президент.
Оның айтуынша, жүйелі шаралар қабылдау қажет.
Жаяу жүргіншілердің кінәсінен 2023 жылы 164 апат орын алып, 24 адам қаза тауып, 142 адам жарақат алған.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар