Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қауіпсіздік кеңесі пандемия барысында соғыс қимылдарын тоқтату шешімін қабылдады

Қауіпсіздік кеңесі COVID-19 халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндіретінін мойындап, 1 шілдеде БҰҰ Бас хатшысы соғыс іс-қимылдарды үш айға жаппай және дереу тоқтатуға шақыруын қолдады. Оқ атуды тоқтату террористік топтарға қарсы операцияларға қолданылмайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұымы мәлім етті. 

Бірауыздан қабылданған қарарда Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері COVID 19 пандемиясы барлық елге, әсіресе қақтығыс жүріп жатқан немесе гуманитарлық дағдарыс жүріп жатқан елдерге жойқын әсер ететінін атап өтті.

Сонымен бірге, «жанжал жағдайларындағы зорлық-зомбылық пен тұрақсыздық жағдайы пандемияны өршітуі мүмкін». Бұрын-соңды болмаған пандемия «халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға қауіп төндіре алатынын» ескере отырып, Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері қарулы қақтығыстарға қатысушы барлық тарапты кемінде 90 күнге гуманитарлық үзіліс алуға шақырды. Бұл гуманитарлық қызметкерлерге кедергісіз және үнемі өзіне қауіп төндірмей, мұқтаж адамдарға қажетті көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Алайда, гуманитарлық үзіліс пен от атуды тоқтату ИШИМ, «Әл-Каида» және «Ан-Нусраға», сондай-ақ олармен байланысты барлық топтар мен ұйымдарға және Қауіпсіздік кеңесі террористік деп таныған басқа да топтарға қарсы әскери операцияларға қолданылмайды. Кеңес мүшелері сондай-ақ БҰҰ-ның барлық бөлімшелеріне қарулы қақтығысты немесе гуманитарлық дағдарысты бастан кешірген елдерге ерекше назар аудара отырып, пандемияға жауап ретінде неғұрлым белсенді іс-қимыл жасауды ұсынды.

Олар БҰҰ басшысына БҰҰ-ның бітімгершілік миссияларына "өз мандаттары мен мүмкіндіктеріне қарай отырып, қабылдаушы елдердің биліктеріне пандемияны тежеу бойынша қолдау көрсетуді" тапсыруға өкілеттік берді.

23 наурызда БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш бүкіл әлем бойынша қарулы қақтығыстардың барлық тараптарына әскери әрекеттерді тоқтатуға және COVID-19 пандемиясымен күресуге мүмкіндік беруге шақырды. "Біз жалпы жаумен бетпе - бет келдік, ол нәсілдерді, ұлттарды немесе сенімдерді ажыратпайды", - деп еске салды БҰҰ басшысы. Сонымен қатар, бүкіл әлем бойынша пандемия қаупін күшейтетін және онымен күресуге мүмкіндік бермейтін әскери қақтығыстар орын алуда. Гутерриш қарулы қақтығыстарға "карантинді" жариялаудың және барлық күштерді біздің өмірімізге байланысты күреске тастаудың уақыты келді " деп мәлімдеді.

 

Талқылау