Қатты соққыға жығылған әйел 2 жыл комаға түсіп, оянған соң қылмыскердің кім екенін айтты
Америкалық әйел екі жылдық комадан кейін оянып, өзін қатты соққыға жыққан ер адамның атын атады. Бұл қылмыс осы уақытқа дейін ашылмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Батыс Вирджинияда 2020 жылдың маусымында Ванда Палмердің өз үйінде қатты соққыға жығылғаны анықталды. Әйел бірден комаға түскен.
Полиция бұл қылмысты тергеу барысында ешқандай анықтама таппады. Бейнебақылау камералары да, куәгерлер де, қылмыскердің ізіне түсер телефон қоңыраулары да болмаған. Іс ашылмаған деп танылды.
Алайда екі жылдан кейін Ванда есін жиып, полицияға не болғанын айтты. Оны ағасы сойылмен және балтамен ұрған болып шықты.
Күдікті өткен аптада қамауға алынды. Оның әрекетіне не түрткі болғаны белгісіз.
"Трендті ұстап тұрған әже": Желіде немересімен видео түсірген 86 жастағы кейуана қазақстандықтарды сүйсіндірді
Немересі: "Әжем өзінің танымал екенін әлі білмейді"
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген