Үйлену тойында күйеу жігіттің немере ағасы абайсызда қалыңдықты атып тастаған
Иранда үйлену тойы кезінде күйеу жігіттің немере ағасы абайсызда қалыңдықты атып өлтірді. Тағы екі адамды жарақат алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі болғандай, күйеу жігіттің немере ағасы аңшы мылтығынан оқ атқан. Болған жағдайдан кейін ол оқиға орнынан қашып кеткен. Полицейлер ер адамның қаруға лицензиясы жоқ екенін және ондай қаруды қалай ұстау керектігін білмегенін анықтады.
Тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірді. Ұсталған кезде қалыңдықты өлтірген қару оның жанында болған.
Марқұм қыздың отбасы оның қайтыс болғаннан кейін ағзалары үш адамға берілгенін айтты. Белгілі болғандай, марқұм әлеуметтік қызметкер болып жұмыс істеген және нашақорлардың жаман әдеттен арылуына көмектескен.
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?