Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қатты күйзелісте жүрді": Медеу Арынбаев марқұм сазгер Арман Дүйсеновті соңғы рет қашан көргенін айтты

Танымал әнші Медеу Арынбаев 48 жасында дүниеден озған сазгер Арман Дүйсенов туралып естелік айтты. Соңғы рет қашан көргенін де есіне түсірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Динамен дұрыс” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Көзінің тірісінде қос өнер иесі жақсы араласқан. 

“Басымдағы ұйып қалған қанды алу үшін 10 сағат ота жасады. Бір ажалдан аман қалдым. Бір айдан кейін Арман Дүйсенов “Балуан Шолақ” спорт сарайында концерт берді. Қатысатын шамам жоқ еді. Арман ағалап іші-бауырыңа кіргенде қалай көніп қалғанымды сезбей қалдым. Алғаш рет қалпақ киіп, сахнаға ән айтып шықтым. Жағым да дұрыс ашылмай, отаның алдында шашымды тықырлатып алып тастаған болатынмын. Бірінші болып, сахнаға шығып әнімді айтып кетіп қалдым”, – деп еске алады әнші. 

Марқұм сазгердің о дүниелік болғанын да күрсініспен қабылдаған. Соңғы рет қашан көргенін де айтып берді. 

“Арман өлгеннен кейін жеке парақшасы жоғалып кеткенінен хабарсызбын. Өмірінің соңында қатты күйзеліске түскен болатын. Ол жалғыз Арманда ғана емес, барлық өнер адамының басында болатын сезім. 55 жасымда құттықтап келген. Рояльда отырып, керемет ән айтты. Басқа әншілерден гөрі керемет дайындалып келгенін көрсетті. Ол қаңтарда қайтты, маған қазан айында хабарласып, Республика күніне концерт бергелі жатырмын, ертең сағат 10.00-де Республика сарайына жет” деді. Олай асығып жүрмейтін. Ертеңіне барсам, көмекшісі ғана жүр. Өзі жоқ. Сол кезде “Арман аға күйзелісте жүр. Онша көңіл-күйі де жоқ” деп айтып қалды. Сол күйі байланысқа шықпады. Оның өлімі бәрімізге төбемізден жай түскендей болды. Керемет талант иесі, өте дарынды болса да, жеткілікті деңгейде бағаланбады. Сол да жүрегіне әсер етті”, – дейді әнші. 

Талқылау