Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қатты қызғанды": Мадина Оспан күйеуінің өнеріне қалай қарайтынын айтты

Танымал отандық кинолардың жарық жұлдызы, актриса Мадина Оспан отбасылық өмірі туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Өзіміз ғой” арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Подкастан скриншот

Актрисаның айтуынша, осыдан 10 жыл бұрын таныстық, үлкен махаббатқа ұласқан көрінеді. 

“2015 жылы таныстық. Сол жылдан бері біргеміз. Тұрмысқа шыққан жылдары кинодан қол үзіп қалғаным рас. Бірақ ол менің өнер адамы екенімді білді. Алғашында қызғанып, түсінбей жүрді. Қыз бен жігіт болып жүргенде беделді рөл бұйырған киноның жабық көрсетіліміне алып бардым. Сол кезде шок болды. Менің мықты актриса екеніме көзі жетті ме, сол күннен бастап мені қолдады. "Маған экранда ұнайсың. Киноға түс. Сенімен мақтанамын" деді. Біреулер келіп суретке түссе, мақтанып қалады. Экраннан көрген сайын қуанып отырады”, – деп жан сырын ақтарды актриса. 



Сонымен қатар, өнер иесі стиліне тиісетін оқырман қауымға ренішін айтты. Тіпті сырт келбетін сөз ететіндер де бар екен. 

“Бірде әлеуметтік желіде оқырманым: “Келін қайын атасының көзінше санын жалтыратып отыра ма?!” деп ұрысты. Менің стилім тікелей күйеуімнің талғамына байланысты. Қайын атамның өзі соңғы үлгіде киінеді. “Үнемі осылай жарқырап жүріңдер” деп бізді қолдап отырады. Әдемі киінуіме күйеуім де қарсы емес. “Жарасып тұр. Осылай жүрші” дейді. Оның үстіне көбінесе бірге жүреді. Оның үстіне баламды, күйеуімді әлеуметтік желіде көп көрсетпеймін. Мен ашық-шашық киінемін дей алмаймын. Барлық киімім күйеуімнің фильтрінен өтеді", – деді актриса.

Талқылау