Кассирдің үстіне бензин құйып, өртеймін деп қорқытқан: Қарағандыда микронесие ұйымын тонағандар ұсталды
Қарағандыда бір шырпының көмегімен микронесие беретін ұйымды тонап кеткендер ұсталды. Ерекше тәсілмен қылмыс жасағандардың ізін жасыруға миы жетпеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап.

19 және 28 жастағы жігіттер ломбардқа өткізген дүниелерін сатып алу үшін қылмысқа барған. Ақшадан қатты қысылған күдіктілер кассирдің үстіне бензин шашып, шырпы тұтатқан. Зәресі ұшқан келіншек кассадағы 120 мың теңгені олардың қолына ұстата салды.
Араға екі күн салып полицейлер қаскөйлерді қолға түсірді. Күдіктілер қылмысын бірден мойындаған. Енді отпен ойнағандар 10 жылға дейін сотталуы мүмкін.
Еске салайық, 9 ақпан күні түстен кейін қарақшылар Қарағандыдағы шағын несие ұйымын тонады. Олар 28 жастағы кассир қызға бензин құйып, ақша беруін талап еткен.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар