Қарағандыда қарақшылар кассирдің үстіне бензин құйып, өртеймін деп қорқытқан
9 ақпан күні түстен кейін қарақшылар Қарағандыдағы шағын несие ұйымын тонады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ғимараттың ішіне орнатылған бейнекамераға түсірілген оқиғаның видеосы Іnstagram-да жарияланды.
"Медициналық бетперде киген екі белгісіз тұлға микрокредиттік ұйымдардың бірінің үйіне кіріп, 28 жастағы кассир қызға бензин құйып, ақша беруін талап еткен", - делінген жазбада.
Ер адам бойжеткенді бағынбай, қарсылық көрсетуге тырысса, оны және ғимаратты өртеп жіберемін деп қорқытқан. Кассир оларға 120 мың теңге берген.
"Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 192-бабы "Қарақшылық" бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдіктілерді анықтау және ұстау үшін полиция департаменті аппаратының неғұрлым тәжірибелі қызметкерлерінен жедел топ құрылды", - деді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”