Каспийде жабайы үйректерді қайықпен басқан жастар ұсталды
Каспийде су бетінде жүрген үйректерді моторлы қайықпен аяусыз басып өткен жастар ұсталды. Қазіргі уақытта полиция мәселенің мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желіде тараған видеода Каспий теңізінде үлкен жылдамдықпен келе жатқан моторлы қайық су бетінде қалың үйірімен жүрген жабайы үйректердің үстінен қасақана басып-жаншып өте шығады. Видеода қайық соңында ондаған құстың өлігі шашылып қалған судың қып-қызыл қанға боялғаны анық көрінеді.
"Маңғыстау облысының полициясы екі ер адамның жеке басын анықтады. Олар қазір Түпқараған ауданының полиция бөлімінде жатыр, онда не болғанын және қалай болғанын айтады", - деп хабарлады облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметі.
- Каспийде демалушылардың итбалыққа тас лақтырғаны желідегілердің ашуын тудырды
- Қазақстанда су құйыны тіркелді: Каспий үстіндегі сирек кездесетін құбылысты синоптиктер түсіндірді
Жаға ұстатар видео шамамен бір апта бұрын түсірілгені белгілі.
ҚР ҚК-нің 316-бабы "Жануарларға қатыгездікпен қарау" бойынша жастарға қарсы қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан