Каспий теңізінде қазақстандық шекарашылар Түркия азаматын құтқарды

Каспийдегі дауылға қарамастан "Сарбаз" шекара кораблі Кендірлі шығанағындағы паромнан насқасты жедел Жаңаөзен қалалық ауруханасына жекізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҰҚК Шекара қызметі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"31 желтоқсанда қолайсыз ауа райы жағдайында Маңғыстау облысы бойынша ҰҚК Шекара қызметі департаментінің Шекара корабльдері мен катерлері Ақтау дивизионының "Сарбаз" шекара кораблінің экипажы үшінші дәрежелі капитаны А.К. Ахметчанның басқаруымен Түркия азаматын Әзербайжан Республикасының "Академик Гасан Әлиев" паромынан Кендірлі шығанағы ауданында құтқару операциясын өткізді.

"SOS" көмегі туралы сигнал Әзербайжан кемесінің командирінен радиодан түсті. Әзербайжан Республикасының Ақтау қаласындағы консулдық қызметі қиын жағдай фактісін растады. Науқастың жағдайы ауыр деп бағаланды, жедел соқырішек диагнозы қойылды", - делінген хабарламада.

Теңіз шекарашылары хабар алғаннан кейін бірден паромға қарай бет алды, 2 метрден асатын толқынмен және қатты желге қарсы жүзуге тура келкен.

"4 сағат ішінде шекара кемесінің экипажы паромнан науқасты ала алмады. Кеме командирі науқасты "Сарбаз" шекара кемесінің борттық кемесіне қайта алу туралы қауіпті шешім қабылдады. Гидротехникалық құрылыстардың алыстығына және Құрық портында айлаққа жақындау мүмкін еместігіне байланысты лейтенант Ж.Ж. Иксатов бастаған борт катерінің экипажы науқас жолаушымен бірге ең төте жолмен жүзу және жабдықталмаған жағалауға шығу жөнінде шешім қабылдауға мәжбүр болды", - делінген хабарламада.

Дауылға қарамастан бір сағат ішінде катер науқасты жағаға жеткізді, онда оны "Кендірлі" шекара бөлімшесінің әскери қызметшілері мен жедел медициналық жәрдем дәрігерлері күтіп алды. Жалпы алғанда, құтқару операциясы 6 сағатқа созылды.

"Жаңаөзен қалалық ауруханасында науқасқа "Перфаративті асқазан жарасы" диагнозы қойылып, шұғыл ота жасалды. Шекарашылардың шебер және батыл әрекетінің, медициналық көмектің арқасында шетелдік азаматтың өмірі сақталды. Әзербайжан Республикасының консулдығы қазақстандық шекарашыларға жолаушыны уақытылы және шебер іс-әрекеттерімен құтқарғаны үшін алғыс білдірді", - делінген хабарламада.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр