Каспий теңізінде қазақстандық Ривьера тұрғызамыз - Елбасы
ҚР тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Каспий теңізінде қазақстандық Ривьера тұрғызу керектігін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ, ол елімізде кәсіпорындар салынып, жаңа қалалар тұрғызылып жатқанын тілге тиек етті.
Каспий итбалықтары мұз бұрғылайтын құралдың кесірінен қырылып жатыр
"Біз кәсіпорындар салып, жаңа қала тұрғызып жатырмыз. Каспий теңізінде қазақстандық Ривьера салатын боламыз. Мың адамға арналған бір қонақ үй әлемдегі кез келген қонақ үйден жақсы. Антальядан да жақсы. Тағы осындай 3 кешен салынып, қазақстандық Ривьера жасалады. Біз мұны пандемия жағдайында да іске асырамыз. Бұл дұрыс та. Ертеңгі күн туады және біз дайын боламыз", - деді Елбасы.
Айта кетейік, Елбасы Қазақстан Халықтарының Ассамблеясының ХХІХ сессиясын ашты.