Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Каспий итбалықтары мұз бұрғылайтын құралдың кесірінен қырылып жатыр

Каспий итбалықтары жойылу алдында тұр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап. 

Гидробиология және экология институтына жеткен видеода ересек және үлкен итбалықтар өздерінің үйлерінен қашып жатқанын көруге болады. Қаңтардың соңы мен ақпанның басы интбалықтар дүниеге жаңа итбалық алып келетін уақыт болып саналады. Сондықтан оларға ерекше күтім қажет. 

Бірақ мұз бұрғысының кесірінен үлкен итбалықтар зардап шегіп, қырылып жатыр. 

"Бес апта ішінде Каспий теңізінің мұзында Каспий итбалықтары туады. Осы кезеңде күшіктер дәрменсіз, өздерін тамақтандыруға, қорғауға қабілетсіз және ересек итбалықтарға толығымен тәуелді", - дейді гидробиология және экология институтының Батыс Қазақстан облысына қарасты бөлігінің басшысы Тимур Баймұқанов. 

Бейнежазбадан экологиялық кодекстің 257-бабының бұзылғанын байқауға болады. Өйткені мұз бұрғысы турал итбалықтардың орналасқан жерден өтіп жатыр. 

Талқылау