Қасқырдың жүрегін суырып алып, шикідей жеген қазақстандықтар жұртты шошытты
Желіде аңшылық кезінде қасқырды өлтіріп, жүрегін шикідей жеген қазақстандықтардың видеосы пайда болды. Желі қолданушылары олардың бұл әрекетінен шошып, жағымсыз пікірлерін жаудырды.

Ерте замандарда түркілер қорқақ балаларға наным-сенім бойынша қасқырдың жүрегін жегізген. Алайда оны шикі күйінде емес, кептірілген немесе қуырылған күйінде берген.
Ал заманауи аңшылардың желіде тараған видеодағы әрекеті желі қолданушыларына жабайылық болып көрінді. Екі ер адам қасқырды өлтіріп, жүрегін суырып алады. Мұнан кейін тыржиып отырып, қасқырдың жүрегін шикі күйінде жеп қойды.
Өз кезегінде желі қолданушылары оларды сөгіп, әрекетін жабайылыққа теңеді.
Қазақстандық әженің үйін жөндеуге келген еріктілер шатырдан 8 пакет ақша тауып алған: Кейуана оны қайыр тілеп жинаған
Ерікті: "Ақшаның тең жартысы тиын"
“Мәселе мәдениетте емес”: Мамандар Қайрат Нұртастың концертіндегі халық әрекетіне баға берді
Мамандар мұндай жағдайлардың тек Қазақстанда емес, өзге елдерде де кездесетінін атап өтті