AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қасіретті қаңтардағы Алматыдағы тонаушылық: 40-тан астам сотталушы жеңіл жазамен құтылды

Алматы қалалық соттарының қарауына қаңтар оқиғаларына қатысты 82 қылмыстық іс келіп түскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ал сот үкімінен кейін 40-тан астам сотталушы бостандықта қалып қойған.

2022 жылдың 5 наурызындағы жағдай бойынша Алматы қаласының соттарында 41 іс қаралымда жатыр және 41 іс бойынша үкім шығарылып қойған.

Қалалық соттың мәліметінше, келіп түскен істер "тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық" бабы бойынша 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріне жазаланады.

Қаралып жатқан істердің көпшілігі Алмалы және Әуезов қылмыстық соттарына түскен.

Ең жеңіл жаза "Ұсақ ұрлық" бабы бойынша 40 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту және ең ауыр жаза "Ұрлық" бабы бойынша 2,5-4 жылға бас бостандығын шектеу. Сотта атап өтілгендей, тонаушылар істеген істеріне өкініп, келтірілген шығынды толық өтеген. Осы себепті сот үкім шығару кезінде осыны ескерген.

Қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде "Sulpak" гипермаркетінен компьютерлік құрал-жабдықтарды ұрлаған Алматы тұрғынына соттың үкімі шықты.     

Сот 2022 жылдың 5-6 қаңтарына қараған түні Алматы қаласының жұмыссыз тұрғыны дүкеннен құны 110 800 теңге тұратын "Самсунг" компьютерінің мониторын және құны 9 150 теңге тұратын Genius колонкасын алып кеткенін анықтады.

Сотталушының әрекеті ҚР ҚК-нің 188 бабының 3 бөлігінің 3 тармағы бойынша заңсыз кiрумен жасалған ұрлық деп танылды. Сотталушы өз кінәсін толықтай мойындап, келтірілген шығынды өтеген.

"Ол құқықбұзушылық жасаған кезде басқалардың ұрланған затты қалай алып жатқанын көріп, көпшілікке еріп кету арқылы тауарды қолды қылғанын мойындады", - деп атап өтті қалалық соттың баспасөз қызметі.



Сот кінәсін мойындауды, өкінуді, келтірілген зиянды ерікті түрде өтеп бергенін ескере отырып, сотталушыға екі жыл бас бостандығын шектеу түріндегі ең аз жаза түрін тағайындады.

Соттың үкімі заңды күшіне еніп қойды. Сотталушы мен оның қорғаушысы үкіммен келісіп, апелляциялық шағым түсірмеген.

Қаңтардағы оқиға

Еске салайық, биылғы жылдың қаңтар айының басындағы Маңғыстаудағы сұйытылған газ бағасының қымбаттауына байланысты жаппай наразылық басталып, оның соңы ел аумағында тәртіпсіздік пен зорлық-зомбылыққа ұласқан еді. Ресми мәлімет бойынша, қаңтар оқиғасы кезінде Қазақстанда кемі 227 адам мерт болған, оның 19-ы – күш құрылымдарының өкілі.

Қақтығыстан әсіресе Алматы қаласы қатты зиян шекті. Қаңтардың 5-і күні қарулы қарақшылар тобы қала орталығын қиратып, қала әкімшілігінің ғимараттары мен жақын маңдағы президент резиденциясын өртеп жіберді.

Полиция ғимараттарына, ҰҚК және басқа да әскери нысандарға шабуыл жасалды.

Сондай-ақ Талдықорған, Шымкент, Қызылорда, Тараз қалалары да зардап шекті.

Осы оқиғалардан кейін Қазақстан билігі бүкіл елде төтенше жағдай енгізіп, лаңкестікке қарсы операция басталғанын хабарлады.

5 қаңтар күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті отставкаға жіберіп, Қауіпсіздік кеңесін басқарды. Ол лаңкестермен күресу үшін ҰҚШҰ-дан көмек сұрауға шешім қабылдады.

ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі елдегі жағдайды қалыпқа келтіру үшін Қазақстанға ұжымдық бітімгершілік күштерін жіберу туралы шешімге келді. Барлығы 2300-дей бітімгер әскерилер келді. 13 қаңтарда ҰҚШҰ миссиясының сәтті аяқталғаны туралы хабарланды. Қазіргі таңда бітімгерлердің барлығы Қазақстаннан шығып кетті.

Үкімет қанша бейбіт тұрғынның қаза тапқанын әлі айтқан жоқ.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр